«Nur Otan»партиясынан Түркістан облысы, Созақ аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер Базарбай Нурланов Жуантөбе ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Nur Otan»партиясының халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында ұсынылған сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Дамудың 7 нақты басымдықтары ауыл тұрғындарға түсіндірілді.
-Аграрлық сектор мен орта және шағын бизнес аудан экономикасының ең негізгі тіректерінің біріне айналуы тиіс. Қазіргі таңда олардың аудандағы өндіретін өнімі жалпы ішкі өнімнің небәрі – 19 пайызын құрайды. Тұрғындарымыздың жартысынан көбі өз кәсібімен айналысып, отбасын өзі асырайтын жағдайға жетуі үшін мемлекетіміздің қабылдап жатқан кәсіпкерлікті қолдаудың, аграрлық секторды дамытудың нақты шараларының мемлекеттік органдарда, қаржылық ұйымдарда орындалуы «Nur Otan»партиясы тарапынан назарға алынады , — деді Базарбай Нурланов.
Кездесуге келген тұрғындар инфрақұрылым, медицина, білім және әлеуметтік салаға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. Үміткер жолданған сауалдардың барлығына тиянақты жауап беріп, алдағы атқарылатын жұмыстарды баяндап берді. Оның айтуынша, ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлінеді. «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға, олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын болады.
«Nur Otan»партиясының сайлауалды бағдарламасымен толық танысқан Жуантөбе ауылының тұрғындары сайлауда белсенділік танытып, дұрыс таңдау жасайтындықтарын жеткізді.
«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Созақ ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді