13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан мен Италия: стратегиялық әріптестіктің 15 жылдығы аясында диалогты дамыту

25 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан мен Италия: стратегиялық әріптестіктің 15 жылдығы аясында диалогты дамыту
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Марко Альбертимен кездесті.

Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, инвестициялық жобалардың орындалу барысы, шарттық-құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық әріптестіктің 15 жылдығына жоспарланған жоғары деңгейдегі байланыстар мен мәдени-гуманитарлық шараларды талқылады.

Р. Василенко Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қаңтардағы Италия Республикасына ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын, сондай-ақ байланыстар динамикасын жоғары деңгейде сақтау қажеттігін атап өтті.

Дипломаттар ү.ж. шілде айының басында жоспарланған «Neos» әуе компаниясының Астана-Милан бағыты бойынша алғашқы рейсі және жақын арада тұрақты рейстерді іске қосу Қазақстан-Италия қарым-қатынасының барлық спектріне елеулі серпін береді деп келісті.

Өз кезегінде М. Альберти Алматыдағы Италия Мәдени орталығының қызметі туралы хабардар етіп, екі ел арасындағы гуманитарлық байланысты нығайтуға бағытталған мәдени және имидждік жобаларды жүзеге асыру жоспарларымен бөлісті.

Сонымен қатар, сұхбаттасушылар білім және ғылым саласындағы байланыстарды дамытудың оң динамикасын, оның ішінде ағымдағы жылдың күзінде ауыл шаруашылығы саласындағы италиялық жетекші ЖОО бірімен қос дипломдық бағдарламаны іске қосу жоспарланып отырғанын қанағаттанарлықпен атап өтті.

Бұл ретте қазақстандық дипломат Еуроодақтың Қазақстан азаматтары үшін визалық режимін жеңілдету мәселесін көтерді. Осы мәселеде италиялық тарапына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіре отырып, Р. Василенко диалогты ілгерілету және осы саладағы нақты шараларға қол жеткізу ынтымақтастықтың барлық салаларында өзара тиімді іс-қимылды жандандыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға көмектесетінін атап өтті.

Анықтама: Италия 2023 жылғы сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі үлесі 14,4% құрайтын Қазақстанның үшінші сауда әріптесі (Ресей мен Қытайдан кейін).

Қазақстандық статистикаға сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында екіжақты тауар айналымы 6,4 млрд АҚШ долларын құрады (экспорт – 6 млрд, импорт – 400 млн). 2023 жылдың қорытындысы бойынша – 16 млрд АҚШ доллары (экспорт – 14,8 млрд, импорт – 1,2 млрд). 2005 жылдан бері Италиядан Қазақстанға құйылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 7,6 миллиард доллардан асты.

Италиялық тараптың мәліметінше, 2024 жылдың алғашқы бес айында Қазақстан Республикасының азаматтарына 12 210 виза (оның 9 600-ден астамы туристік Шенген визасы) берген, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47%-ға артық.

 

Previous Post

Халықаралық жарыстар: Өткен оқу жылында оқушылар 603 медаль алды

Next Post

Малайзиялықтар қазақстандық мемқызметшілермен тәжірибе алмасуға дайын екен

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі