13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халықаралық жарыстар: Өткен оқу жылында оқушылар 603 медаль алды

25 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Халықаралық жарыстар: Өткен оқу жылында оқушылар 603 медаль алды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан оқушылары халықаралық жарыстардан 118 алтын, 201 күміс, 284 қола, барлығы 603 медаль алған.

«12 ірі халықаралық жарыстарға қатысқан Қазақстанның 1218 оқушысының 603-і медаль иегері атанды. Оның ішінде ең беделді әлемдік олимпиадаларда 243 медаль жеңіп алды», деді министрліктің Орта білім комитетінің төрағасы К.Жұмашев.

Өткен оқу жылының ерекше жетістігі Қазақстан оқушыларының FIRST CHAMPIONSHIP роботтехника бойынша халықаралық чемпионаттарда жеткен жетістіктері болды. Ұлттық құрамалар Сингапур, АҚШ, Кипр, Қытай елдерінде жоғары марапаттарға ие болды. АҚШ-та өткен Regeneron ISEF-2024 байқауының қорытындысы бойынша еліміздің оқушылары 100% нәтиже көрсетті. Ал Алматыда дәстүрлі «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды. Оныншы мәрте ұйымдастырылып жатқан сайысқа Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан командалар қатысуда. Байрақты додада 14 пен 17 жас аралығындағы барлығы 750 жас патриот бақ сынайтын болады.

Биыл әскери-патриоттық жиын Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, генерал Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орайластырылды. Шара барысында Мемлекет басшысының сайысқа қатысушы жастарға арналған хаты оқылды.

Бәсі биік бәсекеде үнемі жүлдегерлер қатарында жүретін «Арыс» командасы биыл да сәтті өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді. Тек Арыстың ғана емес, күллі Түркістан облысының намысын қорғаған жастарымыз бірнеше әскери қолданбалы спорт түрінен нәтижелі орындар көрсетті.

Жиында «Айбын дарыны» зияткерлік байқауы, «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы, АК-74-ті жартылай бөлшектеу, пневматикалық мылтықтан ату, 1 000 м, 3 000 м жүгіру, турникке тартылу, әскери эстафета, арқан тартыс бойынша тапсырмаларды орындады.

Білікті ұстаздарымыз Молдабай Сүйіндіков пен Ербол Аймурзаев жетекшілік ететін айбынды жастарымызды кезекті Жеңіспен құттықтаймыз!

 

 

 

Previous Post

Ұжымдық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Next Post

Қазақстан мен Италия: стратегиялық әріптестіктің 15 жылдығы аясында диалогты дамыту

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі