13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан мен Малайзия парламентшілері тәжірибе алмасады

16 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан мен Малайзия парламентшілері тәжірибе алмасады
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліске Малайзия Парламенті Сенаты төрағасының міндетін атқарушы датук Нұр Джазлан бин Тан Шри Мохамед барды. Палата спикері Ерлан Қошановпен кездесуде тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады.

Отырысты ашқан Ерлан Қошанов осы жылдың мамыр айында Малайзия Парламенті Сенатының төрағасы Мутанг Тагалдың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Мәжіліс спикері екіжақты ынтымақтастық мәселелеріне тоқтала отырып, Малайзия Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі  серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар екі мемлекет басшылары – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Ануар Ибрагимның нәтижелі диалогының арқасында екі ел арасында достық пен өзара сенімге негізделген берік әріптестік байланыс  орнағанына мән берді.

«Биылғы мамырда Премьер-министр Ануар Ибрагимнің Қазақстанға жасаған ресми сапары шын мәнінде тарихи болғаны анық. Бұл екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынын Қасым-Жомарт Кемелұлы да өз сөзінде атап өтті. Біз көшбасшыларымыз салып берген осы сара жолды Парламент деңгейінде достас халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі жалғастырамыз деп сенемін», деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасы қонақтарға Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда жүзеге асып жатқан экономикалық және саяси реформалар туралы кеңінен тарқатып берді. Сонымен қатар экономиканы дамытуға, қоғамдағы заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық ауқымды өзгеріс тиісті заңдарды қабылдаудан басталатынына назар аударды.

Өз кезегінде Малайзия Парламенті Сенаты төрағасының міндетін атқарушы қонақжайлық үшін алғысын білдіріп, Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қызығушылық танытты.

«Парламент мәртебесін көтеру – бұл Президенттеріңіздің өте маңызды қадамы. Өйткені ол қоғамдағы саяси мәдениеттің артуына ықпал етеді. Бүгін сіздердің Парламентіңізде көп партия бар екенін көріп отырмыз. Бізде де осындай жүйе қалыптасқан. Бұл елдеріміздегі демократиялық қағидаттар мен сайлаудың ашықтығын айқын көрсетеді», деді  Нұр Джазлан Мохамед.

Сенат басшысының міндетін атқарушы су тасқынына байланысты Қазақстан халқына қолдау білдірді. Ол Малайзияның су апаттарына қарсы күресте мол тәжірибесі бар екенін және онымен Қазақстанмен бөлісуге дайын екенін мәлімдеді.

Кездесуде сауда-экономика, мәдени-гуманитарлық, білім беру салаларындағы ықпалдастық мәселелері қозғалды. Бұл ретте Нұр Джазлан Мохамед Қазақстан студенттерін Малайзия жоғары оқу орындарында оқыту үшін гранттар санын көбейту туралы бастама көтерді. Тараптар IT-технология, өзара инвестиция және туризм саласындағы ынтымақтастық перспективаларын, соның ішінде Астана мен Куала-Лумпур арасындағы тікелей әуе қатынасын арттыру мәселесін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша спикерлер парламентшілер арасында заң шығару тәжірибесімен алмасуды күшейту және екі елдің парламенттік достық топтары бағытыбойынша ынтымақтастықты жандандыру туралы келісті.

 

Previous Post

Қазақстан мен Ресей парламентшілері ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Next Post

Әлеуметтік-экономикалық реформалар

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі