13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан мен Литва тығыз кооперация бағытын растайды

20 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан мен Литва тығыз кооперация бағытын растайды
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан мен Литваның сыртқы саяси ведомстволарының делегациялары екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ағымдағы жағдайы бойынша сағаттарын теңестіріп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бейілдігін растай отырып, саяси консультациялардың 10-шы раундын өткізді.

Қазақстан делегациясына ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, ал литвалық делегацияға Литва Сыртқы істер Вице-министрі Йонас Сурвила жетекшілік етті.

Консультациялар шеңберінде сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті арттыру, көлік энергетика және инфрақұрылым саласындағы перспективалық жобаларды іске асыру, сондай-ақ шарттық-құқықтық базаны жетілдіру жолдары қаралды.

Сұхбаттасушылар ү.ж. 29 ақпанда өткен Қазақстан-Литва сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 14-ші отырысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығы атап өтті.

Тараптар Астана мен Вильнюс арасында тұрақты саяси диалог қалыптасқанын және түрлі халықаралық платформаларда тараптардың ұлттық мүдделеріне сай келетін бастамаларына өзара қолдау көрсетілетінін растады.

«Дөңгелек үстел» отырыстары, брифингтер мен мәдени іс-шаралар арқылы депутаттар арасындағы байланысты кеңейтуге ықпал ететін «Қазақстан-Литва» парламентаралық достық тобының нәтижелі жұмысы ерекше атап өтілді.

Сапар барысында Р. Василенко сондай-ақ Клайпеда қаласының мэрі Арвидас Вайткуспен және Клайпеда теңіз портының Бас директоры Алшис Латакаспен кездесулер өткізіп, келіссөздер барысында көлік және логистика саласындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті: «ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевтың ағымдағы жылдың мамыр айында Литваға сапары, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберінде ынтымақтастықты дамыту жөніндегі меморандумға қол қою осы саланың дамуына елеулі серпін беріп, логистикалық тізбектерді оңтайландыру үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады».

Жалпы, Қазақстан-Литва келіссөздері екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тараптардың өзара мүдделілігін растады.

Қазақстан мен Литва арасындағы өзара сауда көлемі 2023 жылы 223,6 млн АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт – 92,9 млн долл., импорт – 130,7 млн долл.

2005 жылдан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстанға Литвадан 95 млн долл. тікелей инвестиция салынды.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда Литва капиталының қатысуымен 190 жуық кәсіпорын қызмет етеді.

 

Previous Post

Камбоджаның Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін тапсырды

Next Post

Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі БҰҰ Бас хатшысына сенім грамоталарын тапсырды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі