13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Үкімет АҚШ-тың санкциялық тізіміне енген компанияны зерттеп жатыр

13 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Үкімет АҚШ-тың санкциялық тізіміне енген компанияны зерттеп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Үкіметте 5G желісін дамыту, Каспий теңізі арқылы талшықты-оптикалық желілерді тарту мәселесі талқыланды

Қазақстан Үкіметі Ресейге жоғары технологиялық жабдықты жеткізуге қатысқаны үшін АҚШ-тың санкциялық тізіміне енген «КБР- Технологии» компаниясы жайында хабардар еместігін жариялады.

«Мемлекеттік кірістер комитеті мен Өнеркәсіп министрлігінің мәліметінше, бұл компания экспорт-импорт лицензиясын алуға өтініш бермеген. Бізде компанияның профилін жасайтын басым өнімдердің тізімі бар. Бұған дейін аталған компания Қазақстанға осы санаттағы тауарларды импорттамаған немесе экспорттамағандықтан, оған қатысты тиісті профиль жасалмаған. Сондықтан қазір біз оны анықтап жатырмыз», — деді вице-премьер Серік Жұманғарин Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қазір бұл мәселе пысықталып жатыр.

«Тиісті тізімге енген тауарларды қатаң қадағалаймыз. Біз санкцияны қолдамаймыз, бірақ оны орындауға мәжбүрміз. Осы тұрғыда экспорттық-импорттық бақылауға жататын тізімді кеңейттік. Компания кеңейтілген тізімнен тауар жеткізген жоқ. Сондықтан олар нені жеткізгенін, заң бұзу дерегі қалай тіркелгенін анықтап жатырмыз. Келесі аптада Еуропа одағының арнайы өкілі О’Салливан мырза келеді. Онымен сейсенбі күні кездесіп, осы мәселелерді талқылаймыз», — деді Серік Жұманғарин.

Еске сала кетейік, жақында АҚШ Қаржы министрлігі Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакетін енгізетінін жариялады.

Бұл тізімге Мәскеу биржасы мен оның еншілес компаниялары енген. Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша әлемде 66-орында. Тіпті Жапония, Израиль, Түркия бізден кейін тұр. Бірақ интернет жылдам болғанымен, сапасы сын көтермейді. Үкімет үйінің өзінде байланыс кейде нашар. Отырысқа онлайн қатысқандармен тілдесу мүмкін болмайды.

Байланыс сапасын арттыру жайына бір ай бұрын тағайындалған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі кеңінен тоқталды. Жаслан Мәдиевтің айтуынша 2027 жылға дейін салаға 450 миллиард теңге инвестиция құйылмақ. Бұл байланыс сапасын арттырып, 5G желісін ел аумағында толығымен енгізуге мүмкіндік бермек.

 

Previous Post

Мемлекет басшысы демалыс орындарымен логистикалық байланыс шетелдік қонақтардың да келуіне әсер ететінін айтты

Next Post

Үкімет қол жеткізілген Қазақстан-Корея келісімдерін іс жүзінде жүзеге асыруға дайын

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі