13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МҚІА төрағасы Корея Республикасының Персоналды басқару министрі Ким Сын Хомен кездесті

13 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
МҚІА төрағасы Корея Республикасының Персоналды басқару министрі Ким Сын Хомен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Корея Республикасының Персоналды басқару министрі Ким Сын Хомен кездесті.

Басқосуда тараптар мемлекеттік қызметтегі персоналды басқару бойынша қол қойылған өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумдағы шараларды іске асыру барысын талқылады.

«​Дархан Жазықбай Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметті түбегейлі жаңғырту бойынша алға қойған міндеттеріне сәйкес агенттікпен атқарылып жатқан шаралар және осы бағытта цифрлық технологияларды қолдану жұмысымен таныстырды. ​Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметте адам ресурстарын жетілдіру, HR құралдарды енгізу, «e-Qyzmet» жүйесі негізінде іріктеу және персоналды басқаруды цифрландыру бойынша жобалар мен бастамаларға да тоқталды», — деп атап өтті агенттіктен.

Ким Сын Хо мемлекеттік қызмет саласын заман талабына сай үнемі жетілдіріп отыру маңыздылығына тоқталып, өз елінің мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ тараптар мемлекеттік қызметшілердің адам ресурстарын басқару саласындағы біліктілігін арттыру мақсатында олар үшін қысқа мерзімді тағылымдамалар мен ұзақ мерзімді оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады.

МҚІА төрағасы Корея Республикасының мемлекеттік қызметтегі адами ресурстарды басқарудағы жасанды интеллект технологияларын қолдану және автоматтандыру, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау тәжірибесіне қызығушылық білдірді.

​Кездесу соңында тараптар алда мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибе және білім алмасуда ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өткен Американдық мемлекеттік басқару қоғамының (ASPA) жыл сайынғы конференциясына қатысты.

Конференция аясында Астана мемлекеттік қызмет хабымен ұйымдастырылған мемлекеттік қызметтегі адам ресурстарды басқару саласындағы цифрлық трансформация тақырыбындағы панельдік сессияға Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Корея Республикасы, Түркия елдерінің мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органдарының басшылары қатысты. Панельдік сессия барысында Дархан Жазықбай Қазақстанда мемлекеттік қызметтің гибридті моделін қалыптастыру бағытында цифрлық технологияларды енгізу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. МҚІА төрағасы кадрлық бизнес-процестерді толық автоматтандыруды және мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімдерін цифрландыруды көздейтін «e-Qyzmet» жүйесін дамыту жұмыстарына тоқталып, алдағы уақытта жасанды интеллект құралдарын қолдану мәселесі зерделеніп жатқандығына назар аударды. Вашингтон қаласында жалғасқан жұмыс сапары барысында АҚШ-тың Кадрлық қызмет Офисінің басшылығымен екіжақты кездесу нәтижесінде тараптар мемлекеттік қызметтегі персоналды басқару бойынша жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум мемлекеттік қызметтегі адами ресурстарды басқару бойынша озық тәжірибе мен ақпарат алмасу, инновацияларды енгізу, мемлекеттік қызметшілердің білімі мен дағдыларын дамыту, жаңа технологияларды пайдалануға бағытталған және басқа да бірлескен іс-шараларды өткізу мүмкіндігін көздейді.

Previous Post

Корея мен Қазақстан сирек кездесетін металдар өндірісі саласындағы серіктестікті дамытады

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІРҚАТАР САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі