13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Корея мен Қазақстан сирек кездесетін металдар өндірісі саласындағы серіктестікті дамытады

13 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Корея мен Қазақстан сирек кездесетін металдар өндірісі саласындағы серіктестікті дамытады
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёль

Корея мен Қазақстан сирек кездесетін металдар өндірісі саласындағы серіктестікті дамытады. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёльмен айтты.

“Қазір әлем өршіп келе жатқан дағдарыспен және тұрақсыздықпен бетпе-бет келіп отыр. Сондықтан біз – екі елдің көшбасшылары елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың бұрын-соңды болмаған маңызға ие екендігі туралы ортақ пайымға келдік. Өйткені, қазір Корея жаһандық басты мемлекет болуға, ал Қазақстан Жаңа Қазақстан құруға ұмтылуда. Осы мақсатта біз екі елдің арасындағы стратегиялық серіктестікті барынша өзара тиімді және болашаққа бағдарланған серіктестікке айналдыруға уағдаластық”, — деді Корея Президенті.

Мәртебелі мейман Қазақстанға сапары аясында электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандуғм қол қойылғанын атап өтті.

“Соның негізінде ескірген электр стансаларын жаңғырту және жаңаратын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге уағдаластық. Осының арқасында біз компанияларымызды қолдауды жалғастырамыз. Ал олар Қазақстанның электр энергиясын өндіруді арттырып, өнеркәсібін дамытуға атсалыса береді. Қазақстанның бай минералды ресурстары мен Кореяның технологиялық мүмкіндіктерін біріктіріп, негізгі минералдар жеткізілімі тізбегін нығайтуға уағдаластық. Осы сапар аясында негізгі минералдар жеткізілімі тізбегімен байланысты өзара түсіністік туралы 3 меморандум жасасуға уағдаластық. Сонымен қатар негізгі пайдалы қазбалаларды, оның ішінде литийді барлау, өндіру және балқыту бойынша серіктестікті дамытамыз деп шештік”, — деді ол.

Previous Post

Қазақстан Президенті Кореяның K-Silk Road тұжырымдамасына қолдау білдірді

Next Post

МҚІА төрағасы Корея Республикасының Персоналды басқару министрі Ким Сын Хомен кездесті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі