13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРІК ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАР САЛУ ТУРАЛЫ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

13 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРІК ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАР САЛУ ТУРАЛЫ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркиядан келген инвесторлармен кездесті. Облыс әкімі атақты B.B.NURA басшысы Фатих Эргезерм және VIAMEDIS басшысы Асет Ахметов бастаған делегациямен Түркістан облысына денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту бойынша бірқатар жобаларды жан-жақты талқылады. Тараптар 500 орындық реабилитациялық орталығы бар медициналық кешен, созылмалы бүйрек жетіспеушілігінен зардап шегетін науқастарды емдеумен айналысатын амбулаторлы диализ орталықтарын ашу бойынша талқылады.

Барлық орталықтар Америка, Германия мен Жапониядан шығарылған жетекші өндірушілердің заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталмақ. Сондай-ақ түрік компаниясы мемлекеттік-жекеменшік негізде бірқатар емханаларды дамытуға үлес қосуға ниетті.

Облыс әкімі өз кезегінде, өңірге қажетті жобалар бойынша инвесторларға барынша қолдау көрсетілетінін айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында облыс аумағындағы 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысандарының құрылысы 2024 жылға жоспарланған.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару және сол мақсатта мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін тиімді пайдалану тапсырылған болатын. Осы бағытта жеке инвестор есебінен бірнеше ФАП құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар облыс аумағында жаңа құрылысты қажет ететін 61 медициналық нысандарды 2025-2026 жылдар аралығында инвестиция тарту арқылы іске асыру жоспарлануда.

Айта кетсек, Мемлекет басшысының қомақты қаржы салуға дайын ірі компанияларға «бір терезе» қағидатымен жан-жақты қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасы да айрықша назарда. 2024-2027 жылдар аралығында 2,1 трлн теңгеге 145 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде «ПГУ Туркестан» қуаттылығы 926,5 МВт құрайтын бу-газ қондырғысы, «Standard Petroleum» мұнай өңдеу зауыты, «Қазатомпром» компаниясының күкірт қышқылын өндіру зауыты, «Казкрахмал» жүгеріні терең өңдеу зауыты бар. Мәселен, «Beibars-Bottlers» ауыз су және түрлі-түсті сусындарды шығару зауытында жылына 85-100 млн литр түрлі түсті сусындар шығру көзделіп отыр, 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылады.

Previous Post

САРЫАҒАШ: АУДАН БАСШЫСЫ БЕЛАРУСИЯДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  МУЗЫКА ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН  АРНАЙЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ 

Next Post

ШЫҰ Әділет министрлерінің он бірінші кеңесі өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі