13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады

13 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады
Share on FacebookShare on Twitter

Шараға дейін мемлекеттер басшылары Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының фойесіне қойылған «Ұлы дала алтыны» көрмесін аралап көрді.

Көрмеге алтыннан жасалған археологиялық тарихи жәдігерлер, соның ішінде басты экспонат ретінде Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» реконструкцияланған киімі мен қару-жарағы қойылған.

Содан кейін екі ел президенттері Қазақстан мен Кореяның танымал мәдениет қайраткерлерінің, өнер ұжымдарының концертін тамашалады.

Бағдарлама аясында шетел композиторларының туындылары, әлемге әйгілі опералардан үзінділер орындалды. Сонымен қатар бірнеше хореографиялық композиция ұсынылды.

Концертте жеке орындаушылармен қатар, «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театры мен Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының әртістері, «Бірлік», Korean Culture Leaders ансамбльдері өнер көрсетті.

Кешті Корея ресми делегациясының өкілдері және еліміздегі этномәдени бірлестіктердің мүшелері де тамашалады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ табиғи уран жеткізуге уәкілетті корей энергетикалық компаниясының ресми сайтында тұрақты түрде жарияланатын тендерлерге мониторинг жүргізеді және мұндай хабарландыру болған жағдайда тендерлерге қатысуға ниетті.

Сондай-ақ, серіктестік қатынастарды қолдау мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылау үшін уәкілетті корей энергетикалық компаниясының өкілдерімен тұрақты түрде келіссөздер жүргізеді.

Қазақстанның жылу электр орталықтарын корей компанияларының жаңғыртуы кезінде көмір өнеркәсібінің экологиялық объектілерін жақсарту үшін энергетикалық инфрақұрылымның жай-күйін зерттеу және корей технологияларын пайдалану туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Тараптар баламалы сауда жолдарын пайдалана отырып, корей компанияларының қазақстандық шикі мұнайды сатып алудағы өзара іс-қимылын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігі арасындағы электр энергетикасы саласындағы жан-жақты ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюды құптайды.

Тараптар негізгі пайдалы қазбалар саласындағы жан-жақты ынтымақтастықтың және оларды жеткізу тізбегін құрудың қажеттігін мойындады.

 

 

 

 

Previous Post

«Орталық Азия – Қытай» газ құбыры 480 млрд-тан астам текше метр газ тасымалдады

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ЖӘНЕ УНИВЕРСИТЕТІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі