13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Орталық Азия – Қытай» газ құбыры 480 млрд-тан астам текше метр газ тасымалдады

13 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
«Орталық Азия – Қытай» газ құбыры 480 млрд-тан астам текше метр газ тасымалдады
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Орталық Азия – Қытай» газ құбыры 15 жыл ішінде 482.7 млрд текше метр газ тасымалдаған.

«Азиялық Газ құбыры» ЖШС Басқарма төрағасы Ерсейіт Қайыповтың айтуынша, газ құбыры 5 475 күн бойы қауіпсіз жұмыс атқарып келеді. Осы уақыт аралығында, газ құбыры Қытайға 482.7 млрд текше метр транзиттік газ тасымалдап үлгерген.

– Газ құбырының жылдық проектілік тасымалдау қуаты – 55 млрд текше метр. Қазіргі уақытта, құбыр желісі 40 млрдтан астам текше метр газ тасымалдап отыр, — деді Қайыпов.

Айта кетейік, «Азиялық Газ құбыры» ЖШС – тең үлестік негізде құрылған ортақ компания. «QazaqGaz» АҚ (ҚР) және Trans-Asia Gas Pipeline Company Limited (ҚХР) серіктестіктің қатысушылары саналады.

«Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырының құрылысын салу» жобасы – Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамытуға, сонымен қатар табиғи газ жеткізілімдерін әртараптандыруға бағытталған газ саласындағы алғашқы жоба.

Бұл жобаны жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында 2007 жылғы 18 тамызда жасалған «Қазақстан-Қытай» газқұбырын салудағы және іске пайдаланудағы ынтымақтастық туралы» келісімге сәйкес жүзеге асырылады.

«Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырының ұзындығы 7,5 мың км-ді құрайды. Оның ішінде Түркменстан аумағы бойынша – 188 километр, Өзбекстан аумағы бойынша – 525 километр, Қазақстан аумағы бойынша –1,3 мың километр және Қытай аумағы бойынша 4,8 мың километр өтетін «Түркменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» трансшекаралық газ құбырының құрамдас бөлігі саналады. «Түркменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» газ құбыры Түркменстан және Қазақстан шекарасындағы Гедайм қаласында басталады, транзитпен Өзбекстан Республикасы және Қазақстан Республикасы арқылы өтеді және Қорғас СҰАА қытай шекаралық пунктінде аяқталады.

Previous Post

Қазақстан – Корея: Ынтымақтастықтың маңызды белесі

Next Post

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі