13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Туризм

ШЫМКЕНТТЕ ТУРИЗМ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУҒА ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛГЕН

18 апреля, 2024
in Туризм
0
ШЫМКЕНТТЕ ТУРИЗМ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУҒА ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛГЕН
Share on FacebookShare on Twitter

Әлемде экономикасын туризм саласы арқылы көтеріп отырған мемлекеттер Таиланд, Түркия, Араб әмірліктері, Мальдив аралдары айта берсек саны көп. Бұл тізімге еліміз де қосылу үшін қарқынды жұмыс жүргізілуде. Осы орайда Шымкентте туризм әлеуетін арттыруда атқарылған тындырымды тірлік көп. Үшінші мегаполиске келетін туристер саны жыл сайын 10 пайызға артып отыр.

E-qonaq жүйесі бойынша 2024 жылдың 1-қаңтары мен 1-маусым аралығындағы шетелдік туристер саны 18 612 құрады. Сала мамандары шет елден Шымкент қаласына келетін мемлекеттердің алғашқы ондыққа кіретін тізіммен бөлісті:

Өзбекстан – 8534 адам;

Ресей Федерациясы – 2835 адам;

ҚХР – 2039 адам;

Түркия – 1114 адам;

Қырғызстан – 742 адам;

Тәжікстан – 460 адам;

Үндістан – 373 адам;

Украина – 205 адам;

АҚШ– 181 адам;

Германия – 181 адам;

Екі жыл бұрын шаһарға ат басын бұрған туристер қала қазынасына  12 млрд. теңге қаржы құйған.  Туризм саласынан түскен табыс,  қала бюджетінің шамамен 1,5 пайызын құраған еді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек,  Шымкент қаласында туризм саласы бойынша жеке инвестиция көлемі 6,2 млрд теңгені құрайтын 6 жобаның іске қосылуы жоспарланған. Аталған жобалар іске асса, орташа есеппен 125 жаңа жұмыс орны ашылады. Айта кетсек, Индонезия елінің NET-телеканалының делегациясы мен Мәскеу қаласынан келген туристеррден құралған қонақтар тобына Шымкент қаласы бойынша 2 ауқымды танымдық-ақпарттық экскурсия өтті.

ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДАР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА

Үшінші мегаполисте 100-ден астам  туристік нысан бар.  Туристерді қабылдайтын 150-ге жуық  қонақ үй жұмыс істейді. Өңірдің туризм саласында  2000-ға жуық  адам еңбек етеді. Осы салада қызмет ететін мамандарға жыл сайын тегін семинар тренинг ұйымдастырылады. Биыл да дәстүрге сәйкес, гид-экскурсоводтарға, қонақ үй қызметкерлеріне және рестораторларға арналған семинар-тренингтер өткізілді. Аталған іс-шара сала өкілдерінің біліктілігі мен білімін жетілдіріп, кәсіби деңгейін арттыруды мақсат тұтқан. Оқыту семинарына отандық және шетелдік мамандар тәжірибелерімен бөлісуге арнайы шақыртылған. Қатысушылар туризм және қонақжайлылық саласындағы соңғы трендтермен танысып, спикерлермен тәжірибе алмасты.  Жалпы семинар тренинге катысып өз біліктілігін арттырған туризм саласының  қызметкерлер саны 90 адамды құрап отыр.

Жуырда ғана Шымкент қаласында  бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысы басталды.  Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков әйгілі «Hilton» халықаралық желісінің қонақ үйінің құрылысы аумағында капсула салу рәсіміне қатысқан болатын. Сонымен қатар, қала әкімі ұлттық стильде салынған «Qazaq Hotel» қонақ үйіне барып, мұндағы жұмыстармен танысқан еді. Сала жауаптыларының сөзінше,  Шымкент қаласының туристерді өзіне магнитше тартатын 4 артықшылығы бар екен. Олар: қол жетімді әрі сапалы сервис (қонақ үйдегі қызмет), жайлы ауа-райы, тарихи мекендері, және ең маңыздысы дәмі тіл үйірер тағамдары.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЛОГ – ТУРДЫҢ ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУДЕ ҮЛЕСІ ЗОР

Биылғы жылы да «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен жыл сайынғы негізде шетелдік және отандық БАҚ өкілдері мен travel-блогерлерге арналған ақпараттық тур ұйымдастырылады деген жоспар бар.

Халықаралық блог турдың басты мақсаты – Шымкенттің туристік бағыт ретіндегі имиджін насихаттау, қатысушыларды шаһар туризмінің мәдени, тарихи, гастрономиялық және өнеркәсіптік бағыттарымен таныстыру, сонымен қатар БАҚ құралдары мен әлеуметтік желілерде жариялау арқылы сыртқы және ішкі туристер ағынын ұлғайту болып саналады.

Бұл жоба алғаш рет екі жыл бұрын орталықтың ұйымдастыруымен Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттерінен, сондай-ақ Қазақстанның бірқатар аймақтарынан жалпы саны 50 –ге жуық БАҚ өкілдері, туроператорлар мен travel-блогерлер шақыртылып, ақпараттық тур ұйымдастырылған болатын. 5 күнге созылған шара барысында қатысушылар Ұлы Жібек жолы сегментіндегі қаланың тарихи, мәдени және архитектуралық мұрасымен, маңызды туристік нысандарымен танысып, өз әсерлерімен әлеуметтік желілерде бөлісті. Шымкентке өзгеде туристердің келуіне септігін тигізді.Яғни жоба өз мақсатын орындады. Алайда 2023 жылы ақпараттық турдың тұжырымдамасына өзгеріс енгізілді. Халықаралық блог-тур 2 бағытта өткізу жұмысы жоспарланды. Нәтижесінде шетелдік және отандық БАҚ өкілдеріне арналған ақпараттық пресс-тур және travel-блогерлерге арналған блог-тур ұйымдастыру қолға алынды. Бұл жылы іс араға Әзірбайжан, Үндістан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Франция, Германия және Қазақстанның бірқатар өңірлерінен 100-ден астам жетекші БАҚ өкілдері мен travel-блогерлері қатысты. Атап өтсек жыл басында талия елінен келген БАҚ өкілдері мен Индонезия елінің NET-телеканалы бағдарлама түсірілімін жүргізді.  Аталған блог-тур маусым айының соңына жоспарланса, пресс-турды қыркүйек айында ұымдастыру жоспарда бар.

Өңірлердің тартымды бейнесін құру мақсатында 25 гид-экскурсоводтан құралған делегациямен бірге Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында іс-сапар шарасы да өттіШара аясында халықаралық туристік нарықты ілгерілету мәселелерін талқылау, гид-экскурсоводтардың туристерге қызмет көрсету саласының дамуына үлес қосу, қалалық туризмді дамыту барысындағы жаңа методикалары талқыланған болатын.

ШЫМКЕНТТЕ КОНТЕНТ МЕЙКЕРЛЕР КЛУБЫ ҚҰРЫЛДЫ

Қаланың танымалдылығын арттыру арқылы туристердің санын ұлғайтудың бірден — бір құралы — туристік объектілерді жарнамалау болып саналады. Осы тұста шаһарда арнайы «Контент – мейкерлер КЛУБЫ» құрылды. Олар үшінші мегаполистің  көрікті жерлерін түсіріп, әлеуметтік желіде насихаттап жүр.

Бұдан өзге,  Стамбул қаласында өткен 27-ші «EMITT 2024» халықаралық туризм және саяхат көрмесіне қатысып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген 70-тен астам сарапшылар және 30 түрлі жетекші ұйымдармен кездесуге мүмкіндік туды. Аталған көрме қатысушыларға бизнес пен ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ұсынып, тиімді туристік келіссөздер жүргізуге ықпал жасады.

«ЖАСТАР ФОРУМЫ ІІ» — ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА ҮЛЕС ҚОСУДА

Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен Туризм саласында білім алып жатқан студенттер мен түлектерді қолдау мақсаты аясында тәжірибелі мамандармен кездесуі мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін кезекті кездесуі өтті. Аталған форумның мақсаты жастарды ішкі туризм саласымен, «Visit Shymkent» ТАО қызметімен таныстыру, студенттерді өндірістік тәжірибеге тарту және одан әрі жұмысқа орналастыруға ықпал ету болып табылады. Еркін форматта өткен форумға жоғары оқу орындары мен бітіруші түлектерден жиналған, жалпы саны 400-ге жуық жастар қатысты.

 

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ТАЗАЛЫҚ ПЕН ІЗГІЛІК АКЦИЯСЫ САНАЛАТЫН «КИЕЛІ МЕКЕН» АПТАЛЫҒЫ ЖАЛҒАСУДА

Next Post

«КИЕЛІ МЕКЕН: «ШЫМ ҚАЛА» АУМАҒЫН ӘРЛЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі