Келісімге 2023 жылғы 17 қазанда Бейжің қаласында қол қойылған. Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісімді ратификациялады.
«Келісім автомобиль, теміржол және теңіз көлік түрлерін тиімді пайдалануды, жүктерді тасымалдау үшін қолайлы жағдайлар жасауды, сондай-ақ Дәлізге транзиттік қосымша көлем тарту үшін екі елде логистикалық орталықтарды дамытуды көздейді. 2023 жылдың соңында, Дәлізде жүк тасымалдау көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 65%-ға өсті және 2,7 млн тоннаны құрады. Қазір Еуропадан Қытайға жүктерді осы дәліз арқылы жеткізу мерзімдерін қысқарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күннің өзінде Азиядан Еуропаға транзитпен жүктерді мерзімі 18 күнге дейін қысқартылды, оның ішінде Қазақстан аумағы бойынша 6 күнді құрайды», — деді Көлік министрі Марат Қарабаев Мәжілістің жалпы отырысында.
Айтуынша, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе жылдам. Құжат Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Екі ел арасындағы жүк тасымалдау көлемі ұлғаяды деп күтіліп отыр. Қытай компаниялары 20 жылдан астам уақытттан бері жаңа энергетика саласындағы зерттеулерге, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға және өнеркәсіптік дамуға инвестиция салуды жалғастырып келеді. Нарықтық бәсекелестік арқылы олар бірегей артықшылыққа ие болды. Оның ішінде, технологиялық инновация, өндіріс пен жеткізу тізбегіжәне нарықтағы артықшылық бар. Халықаралық энергетика агенттігінің баяндамасында 2023 жылы әлемде жаңартылатын қуат көздерінің жаңа қуаты 510 миллион киловатт болғаны, оның жартысынан көбі Қытайдың үлесіне тиетіні атап өтілді. 2023 жылы Қытайдың жаңа энергетикалық көлік өндіру және сату көлемі 9 миллион бірліктен асып, тоғыз жыл қатарынан әлемде бірінші орынға шықты. Жаңа энергетикалық көліктердің экспорты 1,203 миллион данаға жетіп, 77,6%-ға өсті. Бұл жаһандық автомобиль өнеркәсібінің трансформациясын ілгерілетудегі маңызды күшке айналды. «Жаңа үштіктің» электр көліктері, литий-иондық аккумуляторлар және фотоэлектрлік өнімдердің жалпы экспорт көлемі жыл бойына 1 триллион 600 миллиард юань болып, алғаш рет триллион юандық белгіден асып түсті. Қытайдың жел және фотоэлектрлік өнімдері әлемнің 200-ден астам елі мен аймақтарға экспортталады. Бұл дамушы елдерге таза, сенімді және қолжетімді энергия алуға көмектеседі.
Қытайда жаңартылатын энергияның қарқынды дамуы – оның осы саладағы бәсекеге қабілеттілігінің жарқын белесі. Бұл Қытайдың инновациялық және ғылыми әлеуетінің артуына байланысты. Сонымен қатар өнеркәсіп, жеткізу тізбегі және Қытайдың үлкен тұтыну нарығын айта кеткен жөн. Бұл ел өнімдерінің жан-жақты бағалық артықшылықтары мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.
Қытайдың жаңа энергетикалық өнеркәсібі озық өндірістік қуаттылығы жағынан, жеткізу қызметіндегі ілгерілеуімен жаһандық жасыл трансформацияға тиімді ықпал етеді. Сонымен қатар жасыл технология, цифрлық технология және жасанды интеллект сияқты технологияларды кеңінен қолдану арқылы индустрияландыруға әсер етеді. Бұл жаңа серпін әкелетін жаңа технологияларды құруға, әлемдегі экономикалық дамуға және бейбітшілікке үлкен үлес қосып жатыр.