13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

SENAT OPEN ТУРНИРІНІҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

18 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
SENAT OPEN ТУРНИРІНІҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы Көрме орталығында «Senat Open» шахмат турнирінің жартылай финал кезеңі өтті. Аумақтық чемпионаттың жартылай финалында Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының шахматшылары бақ сынады. Айта кетсек, турнирде қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғам белсенділері, мәслихат депутаттары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үздік ойындар көрсетті.
Жартылай финал бәсекесінің салтанатты жабылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов қатысты. Ал сайыста үздік шыққандарды арнайы марапаттады. Өз кезегінде қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов шахматқа мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетіліп жатқанын айтты.
– Елімізде интеллектуалды ойындарды дамытуға көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құру жолында адал ұрпақ тәрбиелеу керек екендігін, ол адал ұрпақтың деңгейі биік, парасат-пайымы жоғары болуы керектігіне назар аударып отыр. Шахматты дамытуда кешенді іс-шаралар қолға алынуда. Мұнда қатысушылардың көбі аға буын өкілдері. Жастар аға буыннан үлгі алу керек. Енді турнир дәстүрлі түрде өтеді деген сенім бар. Жартылай финалда жеңіске жеткендер Елордада өтетін финалдық кезеңге қатысады, – деді қала мәслихатының төрағасы.
Айта кетсек, ҚР Парламенті Сенатының шахматтан ашық кубогы FIDE ережесіне сәйкес өтуде. Аумақтық чемпионатта іріктелген 25 шахматшы финалдық кезеңге жолдама алды.
Бүгінгі турнирге қатысушылар арасында 80 жастан асқан қариялар да бар. Финалға шыққандардың арасында да ардагерлер өте көп. Қала мәслихатының төрағасы осындай жарыстар жергілікті жерлерде шахмат ойынын насихаттауға өз септігін тигізетінін атап өтті.

Previous Post

ҚАЛА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЖАҢА ГҮЛЗАР АШЫЛДЫ

Next Post

Отбасы банкі Шымкент қаласында 14-ші кеңес беру орталығын ашты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі