13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЛА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЖАҢА ГҮЛЗАР АШЫЛДЫ

18 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
ҚАЛА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЖАҢА ГҮЛЗАР АШЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында шаһар тұрғындары мен қонақтарына жайлы мекеннің бірі — жаңа гүлзар ашылды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың бастамасымен қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы орта қалыптастыру мақсатында қоғамдық кеңістіктер, гүлзар, саябақтар құрып жасыл аймақ қалыптастыру жұмыстары қолға алынған болатын. Бүгін, қаламыздың ажарын айшықтай түсетін тағы бір нысан халық игілігіне тапсырылып, оның ашылу салтанатына қала әкімі де қатысты. – Мұндай нысандарға бюджеттен қаржы бөлініп жатқан жоқ. Бәрі де кәсіпкерлердің өз бастамасымен, сый ретінде салынуда. Осы іске үлес қосқан сіздерге де рақмет. Игіліктеріңізге пайдаланыңыздар. Жақсы орындар көбейе берсін. Енді осы нысанды өздеріңіз күтіп-ұстаңыздар. Жалпы халықтың да тазалыққа деген санасы өзгеруі керек. Қазір қалада субұрқақтардың ескірген насостарын ауыстырып жатырмыз. Жақын арада оны да іске қосамыз, – деді қала әкімі тұрғындармен кездесуде. Жаңа нысан – BI group компаниясының қалаға сый ретінде тартуы. Жұмысшылар құрылысты 1,5 ай ішінде, қала күніне орай аяқтады. Аллея BIG TULIP атауын иеленген. Tulip түркі тілінде қызғалдақ деген мағынаны береді. Аллеяға кіреберістегі 5 қызғалдақ түнде жарқырап, қаланың көркін артырады. Компания өкілі Қайрат Қуанышбаевтың айтуынша, қыркүйек айында тағы бір жоба тапсырылмақ. Жібек жолы даңғылының бойында демеушілер қолдауымен құрылған гүлзардың жалпы аумағы шамамен сегіз мың шаршы метрден астам. Қоғамдық кеңістік алаңында заманауи жарықтандыру шамдары мен тербелмелі орындықтар, басқада ерекше дизайндағы шағын сәулеттік нысандар орнатылған. Гүлзардың аумағы көгалдандырылып, декоративті ағаштар отырғызылған, гүлдендіру алаңдары да бар. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер серуен құратын жолдары салынған. Қалада құрылған қоғамдық кеңістіктер қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы орта болумен қатар, микроклиматты қалыптастыруда зор маңызға ие. Қалада бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, жасыл аймақтар көлемі ұлғаятын болады. Еске сала кетсек, осыған дейін Қошқар ата өзенінің бойы абаттандырылып, демалушыларға жағдай жасалған еді. Сонымен қатар, Түркістан, Желтоқсан көшелерінің бойында құрылған гүлзар бұл күнде тұрғындардың сүйікті орнына айналып үлгерген.

Previous Post

Мажарстандағы маңызды кездесулер

Next Post

SENAT OPEN ТУРНИРІНІҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі