13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ “SUPER BOL” РЕАЛИТИ ШОУЫНЫҢ ФИНАЛЫ ӨТТІ

16 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ “SUPER BOL” РЕАЛИТИ ШОУЫНЫҢ ФИНАЛЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

“Super bol” қазақстандық əлеуметтік жобасының финалдық матчы қаламыздағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда өтті. Биыл жоба ауқымдылығына байланысты шетелдік аудиторияның елімізге деген қызығушылығы артты. Бұл — бірегей және ауқымды спорттық жоба. Жастарды спортқа, бәсекелестікке қызығушылығын арттыру, жан-жақты әрі талантты жас футболшылар үшін бастапқы алаң ұсынуды мақсат еткен. Жоба өзінің ауқымдылығы мен бірегейлігіне байланысты отандық және шетелдік аудиторияның қызығушылығын тудырды.
Үшінші маусымның гранд финалының салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы Асқар Омаров, жобаның бас менеджері Давид Лория қатысты. Қала әкімі КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеваниди және де шетелдік қонақтарға шапан жауып, құрмет көрсетті. Асқар Омаров Мемлекет басшысы балалар футболын дамытуға көңіл бөліп жатқанын, мұндай жоба бұқаралық спортты дамыту, жас футболшыларға зор серпін беретінін атап өтті.

Бұл матчқа еуропалық, азиялық жəне қазақстандық клубтардың скауттары, сондай-ақ Челси мен Франция құрамасында ойнаған əлемдік футболдың супер жұлдызы Флоран Малуда, сондай-ақ ПСЖ мен Сенегал құрамасының бұрынғы ойыншысы Халилу Фадига арнайы келді. Жалпы бірегей жəне ауқымды жобаның ең басты мақсаты жастардың спорт пен бəсекелестікке деген қызығушылығын арттыру. Жоба өзінің ауқымдылығы мен бірегейлігінің арқасында отандық жəне шетелдік аудиторияның елімізге əрі футболға деген қызығушылығын жоғарылатты. Қазақстандық футболды сапалы жаңа деңгейге шығару процесін бастауға көмектесетін дəл импульске айналып жатыр. Шараға қала әкімі Ғ.Сыздықбеков қатысып, матчқа арнайы келген әлем футболының жұлдыздары Флоран Малуда мен Халилу Фадигаға арнайы сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар қала басшысы мегаполисіміздің дамуы мен гүлденуіне елеулі үлес қосқан азаматтарға «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын табыс етті. Олардың қатарында белгілі режиссер, «Ника» сыйлығының және Канн кинофестивалінің лауреаты Сергей Владимирович Дворцевой және КСРО спорт шебері, қазақ футболының аңызы Евстафий Алкивиадович Пехлеваниди бар. Танымал екі тұлға да Шымкент қаласында дүниеге келген. Айта кетейік, бүгінгі матч қорытындысы бойынша 3:1 есебімен Масудов командасы жеңіске жетті.

Previous Post

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

Next Post

ТӘУЛІК БОЙЫ ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН COWORKING

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі