13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

16 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының «Ақмешіт» орталық мешітінде Құрбан айт намазы оқылды. Қаланың бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау лебізін жиналған жамағатқа жеткізді. Баршаны қасиеті мол мерекеде ынтымақ-бірлікте болуға шақырды.
Құрбан айт намазына қаланың зиялы қауым өкілдері қатысып, мерекемен құттықтады.
— Құрбан айттағы ниет-құлшылықтарыңыз қабыл болғай. Береке мен бірлікке бастайтын, ағайын арасын жақындастыратын мерекенің мән-маңызы артып келеді. Құрбан айт мерекесінде бір-біріміздің қателіктерімізді кешіріп, өзара татулығымызды арттыруға және де қоғамның игілігі үшін қайырымды істерді жүзеге асыруға атсалысайық, — деді қаланың бас имамы.
Құрбан айт намазынан кейін мешіт жамағаты үшін қой көтеру, кір тасын көтеру, арқан тартудан жарыс ұйымдастырылды.
Шаһарда биылғы мерекені ерекше өткізу жоспарлануда. Атап айтқанда, бүгін қала тұрғындары мен қонақтарға арналған «Балаларға базарлық», QURBAN AIT FEST атты мерекелік, рухани іс-шаралар өтеді. Онда дәстүрлі әндеріміз насихатталып, ұлттық спорт ойындарынан сайыстар ұйымдастырылады.
Қалада құрбандық шалуға арнайы 3 орын белгіленіп отыр.
Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт – барша мұсылман қауым үшін мейірімділік пен ізгіліктің мерекесі. Бейбітшілік пен келісім сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды сақтауға ықпалы зор.
Құрбан айт жамағат арасындағы бірлікті күшейтіп, бауырластықты арттыратын, адамзат баласын имандылыққа ұйытып, қанағат пен тәубеге үндейтін ұлық мереке.
Бұл күндері мұсылмандар бір-біріне қамқорлық көрсетіп, игі іс жасайды және жылы лебіздерін білдіреді. Құрбандық шалып, сол құрбан етінің бір бөлігін отбасына, екінші бөлігін туған-туыстарына, жолдастарына және мұқтаж жандарға таратып береді.
Мейрам әр шаңыраққа қуаныш, ынтымақ, тыныштық пен бақ-береке алып келсін. Берекелі күндері шалған құрбандықтарыңыз бен тілеген дұғаларыңыз қабыл болсын. Баршаңызға зор денсаулық пен береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Previous Post

МАХАББАТ АРАЛЫНДА ДА ЖЕМҚОРЛЫҚ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ “SUPER BOL” РЕАЛИТИ ШОУЫНЫҢ ФИНАЛЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі