13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БОЛМЫСЫ БӨЛЕК ХАНБИБІ АҚЫНМЕН СЫР-СҰХБАТ ӨТТІ

16 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
БОЛМЫСЫ БӨЛЕК ХАНБИБІ АҚЫНМЕН СЫР-СҰХБАТ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» сыйлығының, «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері Ханбибі Есенқарақызы 75 жасқа толып отыр. Ақынның шығармашылығы туралы бейне-ролик көрсетілді. Осыған орай Шымкентте Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Ханбибі ақынның мерей тойына арналған бірнеше кездесулер өтуде. Соның бірі Ханбибі Есенқарақызымен Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында сыр сұхбатты айтуға болады. Оған жүзге жуық оқырмандар қатысты. Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев, ақын, Жазушылар одағының мүшесі Сатыбалды Қосалыұлы, жазушы, журналист Шойбек Орынбаевтар ақынға қошемет көрсетті. Жиын барысында зиялы қауым өкілдері ақынның шығармашылығы жайлы өз пікірлерін айтып, лебіз білдірсе, студент жастар ақын шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Сонымен қатар кеш иесінің сөзіне жазылған әндер орындалды. Ақынның шығармашылығы туралы бейне-ролик көрсетілді. Нақтырақ айтар болсақ, іс-шара барысында Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің студенттері ақын поэзиясынан көпшілікке рухты сезім сыйлады. Ал, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Құралай Сәтмұханбетова «Алтынай», «Көңілгүл» атты әндерін орындады. Нәтижесінде, ешкімге ұқсамайтын, өзінің дара қолтаңбасымен ерекшеленетін ақынмен болған сыр-сұхбат көпшілік көңілінде қалатындай өтті. Өйткені, елдің аузында Хан апа аталып кеткен ақын жеке басының емес, халықтың елдің мұңын жырлайтын ақын. Мысалға, оның «Мен – ақынмын, әйелмін әлемді ойлар, Қоғам дертін сімірген кесемде іркіп. Бай таяғы түк емес, төбемде ойнар, Қоғам дерті жіберді есеңгіртіп»,-деген ақын жырларының барлығы дерлік халықтық сипатқа ие.

Previous Post

Кореяда Астана мемлекеттік қызмет хабының корей орталығы құрылмақ

Next Post

МАХАББАТ АРАЛЫНДА ДА ЖЕМҚОРЛЫҚ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі