Қазақстанның авиациялық әкімшілігі және Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Азаматтық авиация мемлекеттік агенттігі (ҚРМК ААМА) ұшу қауіпсіздігінің, авиациялық қауіпсіздіктің деңгейін арттыру және авиация саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін азаматтық авиация саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
«Тараптар ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әдістер мен құралдар туралы тәжірибе және ақпарат алмасу, азаматтық авиация саласындағы оқыту, біліктілікті арттыру және іс-жүзіндегі тәжірибені кеңейту, оқыту мақсатында мамандармен алмасу, азаматтық авиация саласындағы біліктілікті арттыру және іс-жүзіндегі тәжірибені кеңейту, бірлескен жұмыс топтарында жұмыс істеу, салалық іс-шараларға қатысу және бірлескен кездесулер, конференциялар, семинарлар және т. б. арқылы өзара ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын белгіледі», деп мәлімдеді Қазақстанның авиациялық әкімшілігі.
Екі тарап арасындағы меморандум авиация саласындағы бірлесіп атқарылған жұмыстарды жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізеді.
«Әуе биліктері арасындағы ынтымақтастықты тереңдету ұшу қауіпсіздігі, авиациялық қауіпсіздік және тұрақты даму саласындағы бірлескен жұмысты жаңа деңгейге шығаруға, тиімділікті арттырудың жаңа жолдарын табуға мүмкіндік береді», деп атап өтті Еліміздің авиациялық әкімшілігі Бас директоры Каталин Раду мен ҚРМК ААМА басшысы Данияр Бостонов.
Осыған дейін шараға Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рәпіл Жошыбаев та қатысқанын айта кетейік. Тараптар биыл сәуірде Астанада Қазақстан мен Қырғызстанның Президенттері қол қойған «Одақтық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты» және «Инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімді» іске асыруды талқылады.
Мәди Төкешұлы айтқандай, Қазақстан көршілес елмен көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі. Мәселен, бірлескен жұмыстың нәтижесінде 2023 жылы өзара сауда көлемі 1,5 млрд долларға жетті. Енді бұл көрсеткішті 2 млрд долларға жеткізу жоспарланып отыр.
«Менің ойымша, Мемлекет басшылары қол қойған құжаттар Қазақстан-Қырғызстан қатынастарының дамуына тың серпін береді. Бұған қазір барлық деңгейде жолға қойылған белсенді және сенімді саяси диалог септігін тигізіп отыр. Күрделі геосаяси жағдайларға қарамастан екі мемлекет кейбір бағыттарда сауда қатынастарын сақтап, нығайтты. Біз қырғыз тарапы секілді жақын арада тауар айналымын 2 млрд долларға дейін жеткізу бойынша шаралар қабылдап жатырмыз», деді М.Такиев.