13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сенат Қазақстан мен Түркия арасында жүк көлемін арттыратын құжатты мақұлдады

10 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Сенат Қазақстан мен Түркия арасында жүк көлемін арттыратын құжатты мақұлдады
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды.
Сенат Қазақстан мен Түркия арасында жүк көлемін арттыратын құжатты мақұлдадыФото: dknews.kz
«Түркия – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне сәйкес, былтыр Қазақстан мен басқа елдер арасындағы ең көп тауар айналымы бойынша Түркия 5-ші орында тұрақтаған. Алдыңғы қатарда тұрған Қытай (31,5 млрд доллар), Ресей (26 млрд доллар), Италия (16,1 млрд доллар) және Оңтүстік Корея (6 млрд доллар) елдеріне жол берген. Бұл ретте, Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 6 млрд доллар, экспорт көлемі 3,6 млрд доллар, ал импортталған түркиялық тауарлар көлемі 2 млрд долларға жеткен», – деді сенатор Әлібек Нәутиев.
Оның айтуынша, қазірге дейін Түркияның Қазақстанға салған тікелей инвестициясының көлемі 5 млрд долларға жуықтаған.
Алдағы жылдары бұл көрсеткішті 10 млрд долларға жеткізу жоспарланып отыр.
«Осыған орай екі ел арасында жүзеге асырылатын тасымалдарды заңнамалық реттеу өзекті деп есептейміз. Аталған келісім әртүрлі көлікті пайдалана отырып, халықаралық жүк тасымалдарын жеңілдетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы транзиттік және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Келісім мемлекеттерді байланыстыратын теміржол желілерінде, оның ішінде халықаралық контейнерлік блок-пойыздар үшін тиісті байланыстар мен транзиттік қызметтерді ұсынуды қарастырады. Тараптар Каспий теңізінде тұрақты жол-паромдық операцияларды жүзеге асырады. Сонымен қатар, кедендік рәсімдеу ережелерін есепке ала отырып, екі ел арасындағы жүктерді халықаралық тасымалдау шарттарын айқындайды. Қазіргі кезде Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Қытайдан Еуропаға жүктерді жеткізу мерзімін қысқарту бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Оған теміржол, автомобиль және су көлігі жұмылдырылған», – деді депутат.
Сенатор Қытайдан Еуропаға транзитпен жүктерді өткізу және тауарларды жеткізу мерзімі 19-23 күнді құрайтынын айтты. Оның ішінде Қазақстан аумағы бойынша – 6 күн. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда екі есеге аз.
«Заң Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуды көздейді және екі ел арасында авто, теміржол және су көлігімен тасымалданатын жүктерді жеткізу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жүк тасымалдаумен айналысатын компаниялар саны да артады. Транскаспий халықаралық көлік бағытының мүмкіндігі зор. Осы орайда Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы тауар тасымалдап, одан әрі «Баку-Тбилиси-Карс» теміржол желісімен жүктерді жөнелту бойынша жұмыс жалғасады. Келісімді орындаудың барлық мәселелерін реттеу мақсатында, тасымалдарды дамыту жөніндегі Бірлескен комитет құрылады», – деді сенатор.

Previous Post

ЖАСАНДЫ ЖҮРЕК 36 ЖАСТАҒЫ АЗАМАТҚА ӨМІР СЫЙЛАДЫ

Next Post

ҚР СІМ-де азаматтардың өтініштерін қарауға жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері талқыланды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі