13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚХР – ҚР – РФ бағытында жаңа цифрлық экожүйе іске қосылады

11 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
ҚХР – ҚР – РФ бағытында жаңа цифрлық экожүйе іске қосылады
Share on FacebookShare on Twitter

Петербург халықаралық экономикалық форумы алаңында Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Ресей Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровтың қатысуымен көлік саласындағы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды.

Осылайша, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және Мәскеу облысы арасындағы Ынтымақтастық туралы стратегиялық келісімге және ҚХР – ҚР – РФ бағыты бойынша «KTZ Express» АҚ, Xian Free Trade Port Construction and Operation Co. LTd және «Славтранс-Сервис» АҚ арасында Цифрлық экожүйені құру және іске қосу туралы декларацияға қол қойылды.

Осы құжаттарды іске асыру жүктерді, оның ішінде қазақстандық жүктерді ауыстырып тиеуді және өңдеуді жақсартуға, сондай-ақ оларды жеткізу уақытын қысқартуға бағытталатын болады. Негізгі логистикалық торап Сиандағы (ҚХР) қазақстан-Қытай терминалы, Ресей және басқа елдер арасындағы тікелей көлік қатынасын дамытуға арналған.азақстан мен Ресей ірі қалалар арасындағы әуе рейстерінің санын көбейту мүмкіндігін қарастыруда. 7 маусымда Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Виталий Савельевпен кездесті.

Тараптар теміржол және автомобиль көлігі, азаматтық авиация, оның ішінде жолаушылар және жүк тасымалы, жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту, сондай-ақ халықаралық көлік дәліздерін дамыту салаларындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін растады.

Қазақстан мен Ресейдің ірі қалалары арасындағы іскерлік және туристік трафиктің өсіп келе жатқанын ескере отырып, әуе рейстерінің санын ұлғайту перспективалары талқыланды.
Роман Скляр шекара маңындағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Бұл ретте ол бірлескен күш-жігерді үндестірудің, оның ішінде Батыс Қытай – Батыс Еуропа, Ресейден Солтүстік – Оңтүстік бағыттары бойынша Қазақстан аумағы арқылы Парсы шығанағы порттарына халықаралық транзитті ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты тараптар теміржол жүк тасымалдарына тариф белгілеу мәселелерінде келісілген іс-қимылдардың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Ресей шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінің жұмысын бірлесіп тексеруге келісті.

Previous Post

Роман Скляр мен Марат Хуснуллин Қазақстан мен Ресейдің құрылыс саласындағы ынтымақтастығын талқылады

Next Post

Трансшекаралық ынтымақтастық

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі