13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Роман Скляр мен Марат Хуснуллин Қазақстан мен Ресейдің құрылыс саласындағы ынтымақтастығын талқылады

11 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Роман Скляр мен Марат Хуснуллин Қазақстан мен Ресейдің құрылыс саласындағы ынтымақтастығын талқылады
Share on FacebookShare on Twitter

Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Марат Хуснуллинмен кездесу өткізді.
Кездесуде құрылыс, сондай-ақ мемлекеттік сараптама, құрылыстағы баға белгілеу, тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Тараптар бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды одан әрі іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.Роман Скляр мен Александр Новак Каспий құбыр консорциумының жұмысын талқылады
Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Александр Новакпен кездесті.
Келіссөз барысында екі елдің экономика және отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды. Тараптар Каспий құбыр консорциумының (КҚК) тұрақты жұмысын атап өтті.
Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында үш көмір жылу электр станцияларын салу жөніндегі ірі жобаны іске асырудың басталуына байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды.«QazaqGaz» бен «Газпром» Қазақстан арқылы табиғи газ транзиті туралы келісім жасасты
«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов және «Газпром» ЖАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллер ресейлік табиғи газды Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстан мен Қырғызстанға 2040 жылдың соңына дейін тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттарға қол қойды.
Құжаттарға Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен қол қойылды.
Бұдан бөлек, Роман Скляр мен Алексей Миллер «Орта Азия – Орталық IV» магистральдық газ құбырын Ресей газын Өзбекстанға тасымалдауды ұлғайтуға дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.
Бұл жобалар Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінің транзиттік әлеуетін кеңейтуге және республиканың газ саласы үшін экономикалық пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға айтарлықтай үлес қосады.
Петербург халықаралық экономикалық форумы алаңында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «Газпром нефть» ЖАҚ басқарма төрағасы Александр Дюковпен кездесті.
Тараптар ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. А. Дюков Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін қызығушылық тудыруы мүмкін компанияның технологиялық жетістіктері туралы айтып берді.
Өз тарапынан Р. Скляр жақсартылған модельдік келісімшарт шеңберінде инвесторлар үшін ҚР-да бар преференциялар туралы хабардар етті.

Previous Post

Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде халық жоғары сапалы медициналық көмекке қол жеткізе алады — Ақмарал Әлназарова

Next Post

ҚХР – ҚР – РФ бағытында жаңа цифрлық экожүйе іске қосылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі