13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Алматыға 1 шілдеде Қытайдан алғашқы туристік пойыз келеді

12 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Алматыға 1 шілдеде Қытайдан алғашқы туристік пойыз келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан мен Қытайды байланыстыратын алғашқы туристік пойыз Алматыға 1 шілдеде келеді.
Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметі хабарлады.
Компания басшылығы мен Қытайдың Сиань қаласының әкімдігі 26 маусымда Сиань қаласынан шыққан пойызды 1 шілдеде Алматыда қарсы алуды ұйымдастыруға келісті.
«Алтынкөл-Қорғас» шекара өткелінен өтетін пойыздың құрамында 246 жолаушыны таситын 9 вагон болады деп жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдан бері екі ел арасында жолаушылар 30 тәулікке дейін виза талаптарынан босатылған. Сондай-ақ, өткен жылы екі ел арасында визасыз жүруге наразылық білдіріп, митингіге шығатынын мәлімдеген Nagyz Atajurt Kazakh Human Rights ұйымының мүшесі Бекзат Мақсұтханұлын полиция алып кетті.Корейлік МҚҰ BNK Finance Қазақстанда банк мәртебесін алады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев BNK Finance Kazakhstan кореялық микроқаржы ұйымын екінші деңгейлі банкке айналдыруды қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Ақорда.
«Бүгін банктік қадағалау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Жаңа құжат инвестициялардың сақталуына мониторинг жүргізу тәртібін реттейтін болады. Елімізде «BNK Finance Kazakhstan» кореялық микроқаржы ұйымы жұмыс істейді. Мен оны екінші деңгейлі банк ету туралы шешімді қолдаймын», — деді Тоқаев.
Қазақстан мен Корея ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты белсенді түрде нығайтып келеді. Кореяның жоғары оқу орындарында екі мыңнан астам қазақстандық жастар білім алуда. Қазақстан техникалық мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөледі, оны корейлік әріптестер де қолдады. Ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастықты дамыту, соның ішінде Түркістан қаласында Корей университетінің филиалын ашу жоспарлануда.
Мемлекет басшысы елдер мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға назар аударып отырғанын атап өтті. Қазақстандағы корей диаспорасы өз тілінің дамуына қолдау көрсетіп, екі елде де тұрақты түрде мәдени іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Қазақстан азаматтары Кореяға 30 күнге дейін визасыз бара алады, жақын арада Астанадан Сеулге тікелей рейс ашылады. Ұшу санының артуы елдер арасындағы байланысты нығайтады.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 12 маусымда Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёлді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Сапар барысында екі ел басшылары келіссөздер жүргізіп, Қазақстан-Корея бизнес форумына қатысады. Бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады. Соның бірі – Астанада оңтүстіккореялық компанияның биофармацевтикалық зауытының ашылуы.

Previous Post

Қазақстан мен Марокко арасында визасыз режим енгізілмек

Next Post

Жаңа туған нәрестеге төлқұжатты қалай алуға болады?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі