13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан мен Марокко арасында визасыз режим енгізілмек

12 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан мен Марокко арасында визасыз режим енгізілмек
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан мен Марокко Корольдігі арасында визасыз режим енгізілмек. Екі ел үкіметтерінің ұлттық және жалпыазаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды.
Қазақстан атынан Премьер-Министрдің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу рәсімдейтін келісім достық қарым-қатынасты нығайту және екі мемлекет арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында әзірленген.
Бұл ретте бір тарап мемлекетінің азаматтары жарамды жалпыұлттық және жалпыазаматтық паспорт негізінде екінші тарап мемлекетінің аумағына келу, кету, транзитпен өту, уақытша жүріп-тұру үшін виза талаптарынан босатылады.
Бұл жағдайда әрбір келіп-кету кезеңінің ұзақтығы олар келген күннен бастап 180 күн ішінде күнтізбелік 30 күннен аспауы тиіс.
Бұл ретте аталған мерзімнен ұзақ уақытқа келетін азаматтар дипломатиялық өкілдіктен немесе консулдық мекемелерінен тиісті визаны алуы қажет болады.
Сонымен бірге бір тарап мемлекетінің аумағында болған кезде екінші тарап азаматтары жарамды паспортын жоғалтып немесе ұрлатып алса, олар өз елінің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі берген жаңа жарамды жалпы паспорт не болмаса өз азаматтығын мемлекетке қайтаруға арналған куәлігі негізінде ел аумағынан шыға алады.Келісім 25 маусымға дейін қоғамдық талқыға шығарылып отыр.Келісімге сәйкес, қоғамдық мүдделерді қорғау және екі елдің қауіпсіздігін ескеру мақсатында екі тарап бір-бірінің мемлекеттерінің аумағына кез келген жағымсыз адамдар мен үшінші елдер азаматтарының кіруін шектеу үшін барлық күш-жігерін жұмсауға тиіс.Айта кетейік, 25 мамырда Қазақстан мен Вьетнам арасында визасыз режим күшіне енді. Енді екі ел арасында азаматтар 30 күн визасыз жүре алады. Келісім екі елдің азаматтары – ұлттық төлқұжаттар иелері үшін визалық талаптарды алып тастауды қарастырады. Екі елдің азаматтары Қазақстан немесе Вьетнамға кіргеннен бастап күнтізбелік 30 күн ал 6 айдың ішінде жалпы алғанда 90 күнтізбелік күн бола алады.

Previous Post

Корея Түркістан мен Атырау облыстарында газ электр стансасын салады

Next Post

Алматыға 1 шілдеде Қытайдан алғашқы туристік пойыз келеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі