13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Корей компаниясы Алматыда биофармацевтика зауытын салады

12 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Корей компаниясы Алматыда биофармацевтика зауытын салады
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл нарық стандарттарын едәуір жоғарылатады. Корей компаниясы Алматыда биофармацевтика зауытын салады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Корей бизнес форумында медицина, фармацевтика және биотехнология салаларындағы ынтымақтастықты нығайту үшін зор мүмкіндіктерге жол ашылатынын айтты.
– Pfizer, Roche, GE Healthcare және Philips секілді әлемге әйгілі компаниялар елімізде дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтардың жергілікті өндірісін ашпақ. Оңтүстік Кореяның GL Rapha компаниясы Алматыдағы биофармацевтика зауытының құрылысына көп ұзамай кіріседі деп үміттенемін. Бұл нарық стандарттарын едәуір жоғарылатады. Сондай-ақ елімізде Оңтүстік Кореяның диагностика орталықтары мен көпбейінді зертханаларын ашудың келешегі зор, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның кореялық серіктестерімен жасанды интеллект технологиясын дамыту, дата-орталықтар салу және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттары бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.
– Астана халықаралық қаржы орталығы біздің бәсекеге қабілетті инвестициялық ортамыздың берік негізі саналады. Біздің аймақтағы бұл бірегей алаңда әлемдегі жетекші қаржы орталықтарының артықшылықтары барынша ескерілген. Бүгінде АХҚО-да әлемнің ондаған елінен екі мыңнан астам компания табысты жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде Оңтүстік Кореядан 20-ға жуық компания бар. Біз қаржы технологиясы, IT, активтерді басқару және лизинг салаларында мұндай компаниялардың саны көбірек болғанын қалаймыз. Бұл ретте Оңтүстік Кореяның BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымы толыққанды екінші деңгейлі банкке айналуын құптаймыз, – деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе.
Сондай-ақ, ол бүгінгі форум екі елдің күш-жігерін біріктіруге және табысты кооперациясына тың серпін беретініне сенім білдірді.
– Бүгін мен K-Silk Road тұжырымдамасын толық қолдайтынымызды айттым. Шын мәнінде, бұл – өте маңызды тұжырымдама. Қазақстан аталған бағдарламаны іске асыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.
Президент мырзаның айтуынша, келесі жылы осы тұжырымдаманың аясында Кореяда саммит өткізу жоспарланып отыр. Қазақстан бұл жиынға жан-жақты атсалысады деп ойлаймын. Қазақстан Үкіметі елімізде жұмыс істеуге ниетті оңтүстіккореялық компаниялар мен инвесторларға қажетті қолдау көрсетеді, – деді Президент.

Previous Post

Президент су тасқыны кезінде көмек көрсеткен корей компаниясына алғыс білдірді

Next Post

Корея Түркістан мен Атырау облыстарында газ электр стансасын салады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі