13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мәжіліс Сингапурмен арадағы инвестицияларға қатысты заңды қабылдады

12 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Мәжіліс Сингапурмен арадағы инвестицияларға қатысты заңды қабылдады
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан мен Сингапур арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды.
Заң 2023 жылғы 22 мамырда Астанада жасалған келісімді ратификациялауға бағытталған.

«Сингапур көрсетілетін қызметтерде дамудың озық тәжірибесіне ие, бұған оның экономикалық көрсеткіштері мен инновациялық жетістіктері дәлел бола алады. Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 1,8 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде қазақстандық экспорт 94 пайызға жетті. Келісім аясында қазақстандық бизнес үшін Сингапурдың көрсетілетін қызметтер нарығына қатысуын кеңейтіп, жақсарттық. Одан бөлек, Келісім инвестицияларды жүзеге асыру үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды ескеріп отыр, сондай-ақ халықаралық практикаға сәйкес инвесторларды қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді», — деді Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.
Оның айтуынша, Қазақстанға Сингапурдың салған тікелей инвестицияларының көлемі кейінгі 10 жылда 1,7 млрд АҚШ долларын құраған. 2023 жылы Сингапурдан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 457 млн АҚШ долларына жетті.

«Жалпы, көрсетілетін кызметтер саласы әлемдік экономиканың аса ірі және перспективалы секторы саналады. Әлемдік жалпы ішкі өнімдегі көрсетілетін қызметтер үлесі дамыған елдерде шамамен 75% және дамушы елдерде 50 пайызды құрайды. Қазақстанның жалпы ішкі өнім құрылымында көрсетілетін қызметтердің үлесі 50 пайыздан асады. Осыған байланысты қызметтер саласын ілгерілету және дамыту үшін жағдай жасау мақсатында көрсетілетін қызметтер мен инвестициялар туралы келісімдер қолданылады. Сингапур – қызметтер саудасы мен инновациялар саласында елеулі тәжірибесі бар серіктес. Мұндай серіктеспен жасалған келісім – үлкен жетістік. Бұл құжат тәжірибе алмасуда, елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуда айтарлықтай серпін беріп, табысты болады деп санаймыз», — деді министр.

Previous Post

Тоқаев Корей Президентінің Қазақстанға сапарын тарихи оқиға деп бағалады

Next Post

Оңтүстік Корея Президенті Орталық Азия елдеріне бір апталық сапарын бастады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі