13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық серіктестікке − 15 жыл

12 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық серіктестікке − 15 жыл
Share on FacebookShare on Twitter

Юн Сок Ёль екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің 15 жылдығы қарсаңында Қазақстанға сапармен келгеніне қуанышты екенін жеткізді.
Келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль осыдан үш жыл бұрын Қазақстан Президентінің Кореяға сапары кезінде екі ел арасындағы қарым-қатынас кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгенін тағы да растады. Сондай-ақ осы байланыстарды саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нақты бағыттары бойынша одан әрі нығайта түсуге өзара ниет білдірді.
«Бүгінде елдеріміз арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде дамып келеді. Көптеген кореялық компания Қазақстан экономикасына инвестиция құйып, жұмыс орындарының ашылуына және өнеркәсіптің өркендеуіне ықпал етіп отыр. Бұдан бөлек, кореялық инвесторлар Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы, бу-газ электр станциясының құрылысы сияқты ірі жобаларға қатысып, Қазақстанның ұлттық инфрақұрылымын дамытуға өз үлестерін қосып келеді. Біз аса маңызды шикізаттарды игеру, атом энергетикасы, жаңартылатын энергия көздері секілді перспективті бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға ниеттіміз. Жалпы, екі мемлекеттің ықпалдастық көкжиегін кеңейтетін уақыт келді. Осы сапар алдында Үкімет Кореяның Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығы туралы K-Silk Road бастамасын жариялады. Бұл – Кореяның Орта Азияға қатысты алғашқы дипломатиялық стратегиясы», деді Корея Республикасының Президенті.
Екі ел басшылары өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде жан-жақты пікір алмасты. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Кореяның халықаралық деңгейдегі көптеген мәселелерге қатысты ұстанымы ұқсас екенін атап өтіп, әлемдегі геосаяси қайшылықтардың шешілуіне екі ел орта державалар ретінде өз үлестерін қоса алатынын мәлімдеді.

Previous Post

ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ БЕС ЖҰЛДЫЗДЫ ҚОНАҚ ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Next Post

Қазақстан мен Корея арасындағы тауар айналымы 6 миллиард долларға жеткен

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі