13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: қала әкімі бірнеше нысанның жұмыс барысымен танысты

12 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: қала әкімі бірнеше нысанның жұмыс барысымен танысты
Share on FacebookShare on Twitter

Әкім мердігер ұйым өкілдеріне барлық жұмыстарды сапалы және уақтылы аяқтауды тапсырды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы аралау барысында Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының ұжымымен кездесіп, жаңа басшысы Салдарова Арайлым Құрбанбекқызымен танысты. Кездесу барысында ұжыммен бірге шығармашылық идеялар мен өзекті мәселелерді талқылады. Театр ұжымына қала мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Асар шағын ауданындағы жерасты өткелін абаттандыру және субұрқақты күтіп ұстау жұмыстарымен танысты. Жауаптыларға нысанды заманауи талаптарға сәйкес абаттандыруды тапсырды. Сонымен қатар, тұрғындарға қолайлы болу үшін өткел ішін жарықтандыру қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар №90 мамандандырылған мектеп-гимназиясына барды. Мектеп басшылығы шәкірттердің білім алу жайынан хабардар етті. Кейін Тұран шағын ауданында аулалар мен үй маңындағы аумақтардың санитарлық жағдайын тексерді. Тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жауаптыларға орталық көше бойында аялдама мен жарық шамдарын орнатуды, сондай-ақ балаларға арналған шағын футбол алаңын салуды тапсырды.

Сондай-ақ, «Тұлпар» коттедж қалашығының Қазиев көшесінің жалғасы жоспарланған аумақта тұрғындармен кездесті. Жергілікті тұрғындардың пікірлері мен тілектерін ескере отырып, саябақ аймағын сақтау бойынша шешімдер қабылдады. Қалалық дендросаябақтағы жаңа серуендеу аймағының, Сайрам, Жібек жолы көшелерінің қиылысындағы гүлзарды абаттандыру бойынша жұмыстарды, сондай-ақ «Көл» мен Ордабасы алаңындағы субұрқақтарды реконструкциялау барысын тексерді. Салалық басқармалардың басшылары мен мердігер ұйым өкілдеріне барлық жұмыстарды сапалы және уақтылы аяқтауды тапсырды.

Previous Post

​Шымкентте өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Республикалық турнир басталды

Next Post

ШЫМКЕНТ: тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі қарқынды жұмыс атқаруда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі