13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

​Шымкентте өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Республикалық турнир басталды

12 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
​Шымкентте өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Республикалық турнир басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Жарыстың бірінші күні — жүз метрлік кедергілері бар жолақтан өту бойынша жарыс басталды. Бүгін Шымкент қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер құрама командаларының арасында Қазақстан Республикасының Кубогының VII турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 4 күн ішінде еліміздің өңірінен келген 13 ерлер және 12 әйелдер құрама командалары жүлделі орындарға тартысты жарыста таласатын болады. Сондай-ақ осындай дәрежедегі жарысқа қатысу және өз күшін сынап көру үшін Қырғызстан Республикасының спортшысы Алишер Конокбайулу арнайы келді.

Салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, ТЖД бастығы генерал-майор Қуанар Базарбаев, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Дәурен Данаев, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және басқа да қонақтар қатысты. Олар құттықтау сөзін сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Ашылу салтанатынан кейін жарыстың бірінші күні — жүз метрлік кедергілері бар жолақтан өту бойынша жарыс басталды. Бұл дисциплина күш пен жете назар аударуды талап етеді. Өйткені, бұл кедергілерді сәтті еңсеру үшін тек жылдамдық ғана емес, ептілік те қажет болады. Жүгіру динамикалық түрде 2 метрлік қоршауды еңсеру, бөрене (бум) арқылы жүгіру, жеңді тармаққа қосу секілді бірнеше элементтерді қамтиды. Турнирдің екінші күнінде командалар оқу мұнарасының 2, 3, 4-қабаттарына шабуыл сатысымен көтерілу бойынша жарысатын болады. Одан кейінгі күндері өрт эстафетасы мен жауынгерлік қанат жаю бойынша жарыстар өтеді.2024 жылғы 11 маусымда өрт сөндіру-құтқару спорт бойынша Қазақстан Республикасының кубогына VII турнирінің мандаттық комиссиясы өтті. Отырысқа төрешілер, облыстар мен қалалардың ТЖД құрама командаларының жаттықтырушылары мен команда өкілдері қатысты.

Отырыс барысында жарысқа дайындық және алдағы кезеңдегі міндеттер туралы баяндамалар жасалып, командалар жеребе тастады.

 

Previous Post

В Шымкенте стартовал республиканский турнир по пожарно-спасательному спорту

Next Post

ШЫМКЕНТ: қала әкімі бірнеше нысанның жұмыс барысымен танысты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі