13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ КОМПАНИЯ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

8 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
ҚАЛА ӘКІМІ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ КОМПАНИЯ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевпен және «Kcell» АҚ компаниясының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында қалада кең жолақты интернетке қосылуды дамыту мәселелері және «Қазақтелеком» АҚ-ның Шымкент қаласын цифрландыруға бағытталған жаңа қызметтері талқыланды. Сонымен қатар, байланыс операторларымен телекоммуникация желілерін дамыту жоспары пысықталды.
Кездесу барысында «Қазақтелеком» АҚ басшылығы қалада жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларға тоқталды. Атап айтқанда, 2022-2024 жылдар аралығында ұлттық байланыс операторы телекоммуникация саласын дамытуға 6 миллиард теңгеден астам инвестиция бөліп отыр.
Бұдан бөлек, бүгінде тұрғындардан байланыс сапасы мен интернет жылдамдығының төмендігі туралы шағымдар түсіп жатқанын да айтты. Айта кетерлігі, қазір қалада базалық станциялардың аздығынан байланыс нашар орындар бар.
Жиын барысында кәсіпорын өкілдері ғимараттар мен жаңа тұрғын үй кешендерінің шатырларына жабдықтар орнатуды, антенналық діңгек құрылымдарын және қосарлы мақсаттағы көше тіректерін салуды үйлестіру тетіктерін пысықтауды сұрады. Сондай-ақ өз кезегінде байланыс пен интернет сапасын арттыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін де атап өтті.
Әкім Цифрландыру басқармасына жиында айтылған міндеттерді жүзеге асыру тетіктерін жан-жақты пысықтауды тапсырды. Сонымен қатар, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті қаланы аралау барысында сала мамандарымен бірге Қаратау ауданындағы Таңбалытас көшесінің жөндеу жұмыстарымен танысты. Жалпы, жауапты мердігер ұйым тарапынан асфальт төсеу жұмыстары аяқталып келеді. Жақын күндері көлік қозғалысына ашылатын да болады.
Сондай-ақ әкім Тұран ауданындағы Өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығында болды. Апатты жағдайдағы ескі ғимараттарды қарап шыққан қала әкімі, ондағы сүру жұмыстарын, балаларға арналған қосымша үйірмелер орналастырылатын жаңа ғимараттарды салу мүмкіндігі қарастырылатынын айтты.

Previous Post

КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКА ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУДЕ ОҢ НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІП ОТЫРМЫЗ

Next Post

Тәтті сусын көп ішетін адамдарды не күтіп тұр?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі