2024 жылдың 5 айында Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру Департаментімен 57 қылмыстық құқықбұзушылық тіркеліп, өндіріспен 35 қылмыстық іс аяқталып, бүгінде істің 90 пайызы сотқа жолданып отыр.
Бүгінгі таңда қаламыздағы көлеңкелі экономика деңгейін төмендету бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы бағытында нақты көрсеткіштер және нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз.
2024 жылдың 5 айында аталған бағытта қала аумағында жасырын 5 цех анықталып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 233 бабымен 5 қылмыстық іс тіркелді, тергеу нәтижесімен 4-і сотқа жолданды (қазіргі таңда сот қарауында), 1 іс өндірісте.
Қылмыстық істер бойынша 22 мыңнан аса дайын алкоголь өнімдері, 2 мың литрден аса құрамында спирті бар сұйықтық, 9 900 литр спирт, 885 литр вино, 140 қорап қақпақ, есепке алу маркалары – 4 рулон, этикетка – 20 рулон, станок – 2 дана, филтр 4 дана, 2000 нан аса бос бөтелке тәркіленіп алынған. 2024 жылдың ақпан айында Департамент қызметкерлерімен жүргізілген кешенді арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, жалған есепке-алу бақылау маркаларын пайдалану арқылы алкоголь өнімдерін және этил спиртін саудалап, сатумен айналысқан азаматтарға қатысты қылмыстық іс тіркелді.
Қылмыстық іс аясында Шымкент қаласында тінтулер жүргізіліп, іске маңызы бар заттар яғни, 9 900 литр этил спирты, дайын арақ өнімдерімен, арақ өнімдерін жабуға қажетті заттар, қақпақтар, бос бөтелкелер, есепке алу бақылау маркалары анықталған.
Бұдан бөлек, күдіктілерден үлкен соммада ақша қаражаттары анықталған. Аталған ақша қаражаттарына сотпен тыйым салынған.
Күдікті тұлғалармен қылмыстық жолмен табылған ақша қаражаттары, әрі қарай «Kaspi Bank» депозит шотына салып, депозит бойынша үстеме пайыздар алып отырғаны анықталған.
Нәтижесінде, табылған заңсыз ақша қаражаттарына қымбат шетел автокөліктерін сатып алынғаны дәлелденген, атап айтқанда «Toyota Land Cruiser 300» 2023 жылғы, «ZEEKR 001» 2023 жылғы, «KIA K8» 2022 жылғы, «Hyundai Grandeur» 2018 жылғы, «VOLVO» 2018 жылғы автокөліктерін сатып алып, қылмыстарын жасыру мақсатында өздерінің жақын туыстарының атына тіркеген.