13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР — ЕЛІМІЗДІҢ НЫШАНЫ

4 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР — ЕЛІМІЗДІҢ НЫШАНЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық құндылық» тақырыбында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы  Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras»аймақтық кеңесінің отырысы өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1. Мемлекеттік рәміздер – ұлттық құндылық;
2. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының идеологиялық жұмыстары туралы.

Отырысқа «Miras» аймақтық кеңесі төрағасының орынбасары Т.Балтабаев, қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Қ.Имашев, мәслихат депутаты, «Жастарды қолдау» аймақтық кеңесінің төрағасы Н.Балабиев, саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Е.Байқонысов, қоғамдық кеңес мүшелері, «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері, партия филиалының жауапты қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

“Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні. Тәуелсіздігімізді айшықтайтын ұлттық символдарымызға биыл 32 жыл толып отыр. Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтудің басты негізі – Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлтқа деген патриотизмді қалыптастыру, ел идеяларын кеңінен дәріптеу және дамыту. Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру. Партия филиалы тарапынан мемлекеттік рәміздерді насихаттауға бағытталған әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізілу тиіс”, — деді Т. Балтабаев.

Жиын барысында көптеген ұсыныстар айтылып, жастар іс-шара жоспарларын ортаға салды.

— Жас ұрпақ елдің қуатты қозғаушы күші екенін ескерсек, мемлекеттік рәміздерді жастар ортасында танымал етуге ерекше назар аудару керек. Мысалы, жастар арасында жаппай көшеде, спорт және мәдени, мекемелер мен оқу орындарында сондай-ақ әлеуметтік желілерде әртүрлі флешмобтар ұйымдастыру қажет, — деді Н.Балабиев.

 

Previous Post

ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ

Next Post

В Шымкенте отметили День государственных символов

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі