13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тиімділігі артты

29 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тиімділігі артты
Share on FacebookShare on Twitter

Қордың басты — мақсаты осылайша халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамту.

Шымкентте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тиімділігі артты. Тұрғындардың МӘМС жүйесінде қамтылу көрсеткішінің артқаны да байқалады. Бүгінгі таңда 927 579 азамат, яғни халықтың 82,1 пайызы сақтандырылған. Оның ішінде жеңілдік санатындағы 700 мыңнан астам адамның жарнасын мемлекет төлеуде. МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесі тұрғындар үшін жоғары технологиялы медициналық көмек, профилактикалық тексерулер мен оңалту шаралары, консультациялық-диагностикалық қызмет пен есепте тұрған науқастардың дәрі-дәрмекпен қамту аясын кеңейткен. Азаматтар осылайша ай сайынғы жарна есебінен медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болуда. ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбектің телеарна журналистеріне берген сұхбатында айтылғанындай, жыл басынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде МӘМС қаражатының есебінен 269 науқасқа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілген. Биыл 1500-ге жуық адамға ЖТМК көрсету жоспарланған. Атап айтқанда, аруханаларда ми қан тамырларының күрделі бұзылыстарында, жүрек ауруларын емдеуде қымбат бағалы күрделі ота түрлеріне қолжетімділік артқан. Сондай-ақ кардиологиялық, неврологиялық, ортопедиялық және жалпы оңалту шаралары мен травматологиялық, пульманологиялық бағыттар бойынша медициналық сақтандыру шеңберінде 72 медициналық ұйым көмек көрсетеді. Қордың басты — мақсаты осылайша халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамту. Дегенмен, бүгінгі таңда МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған әлеуметтік осал топты азаматтардың жағдайы ерекше назарда. Шымкент қаласы бойынша жағдайы өте мүшкіл Е санатындағы 9555 адам тіркелген. Жарна төлеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар үкімет назарынан тыс қалмауы тиіс. Сол себепті қазір барлық жауапты құрылым өкілдері ол азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстарды атқаруға кіріскен.

 

Previous Post

ЖІИ АС ҚОРЫТУ ЖОЛДАРЫН ЗАҚЫМДАЙТЫН ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ТОБЫНА ЖАТАДЫ

Next Post

Шымкентте жіті ішек инфекциясы мен паразитарлы аурулардың тіркелуі жалғасуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі