13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖІИ АС ҚОРЫТУ ЖОЛДАРЫН ЗАҚЫМДАЙТЫН ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ТОБЫНА ЖАТАДЫ

29 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
ЖІИ АС ҚОРЫТУ ЖОЛДАРЫН ЗАҚЫМДАЙТЫН ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ТОБЫНА ЖАТАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Жіті ішек инфекциясы (ЖІИ) – ас қорыту жолдарын зақымдайтын инфекциялық аурулар тобына жатады. Қоздырғыштар сыртқы ортаға өте төзімді және ұзақ уақыт топырақта, суда, сондай-ақ қасық, тәрелке, есіктің тұтқасы, ойыншық және т.б. заттарда сақталуы мүмкін. Микробтар суда, сүтте, сүт өнімдерінде, салаттарда және басқа да тез бұзылатын азық-түліктерде көбейеді. Қоздырғыштар адам ағзасына лас қол, лас су және микроб түскен азық-түлік, жуылмаған немесе таза жуылмаған жеміс-жидектер, науқас пайдаланған заттар арқылы (ыдыс, киім-кешек, төсек-орын, жеке басының құралдары) жиі жұғады.
Құрамында қоздырғышы бар қайнатылмаған суды, сақталуы бұзылған дайын тағамдарды пайдалану арқылы жұғады. Мәселен сүт және сүт тағамдары, салаттар, ет өнімдерінен дайындалған тағамдардан, паштет, тоңба (холодец) жаппай тұтынған жағдайда ЖІИ орын алуы мүмкін. ЖІИ ауырған науқасты күту кезінде және ластанған сумен қол жуғанда, жеке басының тазалығын сақтамағанда қоздырғыштың жұғу қауіпі жоғары.Оңтүстік өңірінде жеміс-жидектердің ерте пісуіне байланысты және өңірлерде су тасқыны салдарынан ашық су көздері (өзен, көл және т.б.) ластануына орай өткір ішек жұқпалы аурулары, тырысқақ, паразитарлы аурулардың өршу қаупі туындауынан эпидемиологиялық ахуал тұрақсыздануы мүмкін.
Бүгінде қаламызда күнделікті тұрғындар арасында жіті ішек инфекциясы, паразитарлы аурулардың тіркелуі жалғасуда.
2024 жылдың соңғы 4 айындағы статистикалық мәліметке сүйенсек, тұрғындар арасында 174 жағдай жіті ішек инфекциясы (әрі қарай – ЖІИ) тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық 3,9%-ға өскен.
Ауырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар да бар. Бүгінде 130 жағдай тіркелген.

Previous Post

ТЫРЫСҚАҚ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАС ӨЗ БЕТІНШЕ ЕМДЕЛУДЕН АУЛАҚ БОЛУЫ КЕРЕК!

Next Post

ШЫМКЕНТ: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тиімділігі артты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі