13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛҒА АЛАДЫ

23 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛҒА АЛАДЫ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының кәсіпкерлері мен қытайлық инвесторлар арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында кездесу өтті. Жиында агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, медицина, жер қойнауын пайдалану, құрылыс, IT сынды салаларды дамыту жайы сөз болды.
Қытайдың Халықаралық сауданы ынталандыру жөніндегі комитетінің Қазақстандағы ресми өкілі Чэнь Хунцян екі мемлекет арасындағы кәсіпкерлік саласындағы байланыс жылдан-жылға нығайып келе жатқандығын атап өтті. Рухани астанаға инвестиция құюға ниетті шетелдік бизнес өкілдерімен іскерлік байланыс орнатудың маңыздылығына тоқталған кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев жобаларды сүйемелдеуге көмек көрсетілетіндігін жеткізді.
«Түркістан облысында 200 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Өңірде негізінен агроөнеркәсіптік кешен саласы қарқынды дамыған. Ет экспорттау бойынша да аймақ кәсіпкерлері республика бойынша 1-орында. Шағын және орта жалпы ірі кәсіпкерлік саласында айтарлықтай ілгерілеу бар»,- деді Асылан Сейілбекұлы.
Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы қос мемлекеттің кәсіпкерлері үшін кездесу алаңына айналды. Кәсіпкерлер инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, бірлескен жобаларды қолға алу мәселесін талқылады.Әрбір мәселе бақылауға алынып, тиісті жұмыс жүргізіледі. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш тұрғындарымен кездесті. Кездесуде аудандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 43 пайызға өсіп, 2023 жылы 277 млн. теңгеге жеткені айтылды. Биыл 3 айда бұл көрсеткіш 48 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға өскен. 2023 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 35 млрд. теңгені құрап, жоспар 9 млрд.теңгеге артығымен орындалды. 2024 жылға негізгі капиталға салынған инвестиция тарту жоспары 37 млрд. теңге көлемінде бекітілген. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 47 пайызға өсіп, 2023 жылы 23 мыңға жетті. Ауыл шаруашылығының өнім көлемі былтыр 136 млрд. теңгені құрап, артығымен орындалды. Кездесуде Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың есебінен кейін тұрғындардың өтініштері, сұрақтары тыңдалды. Сарыағаштықтар білім саласындағы жемқорлық, газбен қамту, ауыз су, пәтер, денсаулық сақтау, тазалық және өзге де салаларға қатысты мәселелерді көтерді. Одан кейін облыс әкімінің жеке қабылдауы өтті. Оған басқарма басшылары мен құқық қорғау органдарының бастықтары қатысты. Мұнда да түйткілдер тарқатылып, арыз-шағымдар, өтініштер тыңдалды. Әрбір мәселе бақылауға алынып, тиісті жұмыс жүргізіледі.

 

Previous Post

Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестікті жаңа сапаға көтермек

Next Post

Мемлекет басшысы Сингапур Республикасының Президенті Тарман Шанмугаратнаммен келіссөз жүргізді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі