13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ЖАСТАР ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК…»

23 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
«ЖАСТАР ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК…»
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқу орнының бітіруші түлектеріне арналған «Жас маман-2024» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Шараға Түркістан облысы мен Шымкент қаласының бұрын екіжақты келісімшарттар жасалған барлық өндірістік кешендері, ірі өндіріс орындары, орта білім беру мекемелері, жалпы саны 200 –ге жуық жұмыс беруші мемекенің өкілдері келді. Жұмыс берушілерді тікелей қатыстыра отырып, бос жұмыс орындарын ұсыну арқылы түлектерге қолайлы жұмыс орнын табуына мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылған жиынға келген студенттердің қатары қалың.
– Университетімізде дәстүрлі шараға айналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі студенттерге кең мүмкіндіктер береді. Өйткені әрбір компания жайында толық ақпарат алып, бос жұмыс орны туралы мәліметтермен танысу мүмкіндігі қарастырылған. ЖОО-ның мақсаты жас маман дайындау ғана емес, олардың жұмысқа қамтылуын да қамтамасыз ету. Өйткені жастар жұмыссыз қалмауы керек. М.Әуезов университетінде 80 жылдан бері 240 мыңнан аса түлекке диплом табысталды. Қазіргі кезде түлектеріміз 25 алыс-жақын шетелдерде білікті маман болып қызмет етуде. Биылғы жылы бітірген студенттердің де көрсеткіші жаман емес. Бакалавр дәрежесіне 5043 білімгер, магистр 893 дәрежесіне ие болмақ. Бүгінгі жиын жастарға тағылымдамадан өтуге әрі жұмысқа орналасуына қолайлы жағдай туғызады,-дейді М.Әуезов универсиететінің ректоры м.а Қайрат Құманбетов.
Бітіруші түлектердің әр қайссы 4 жыл оқыған білімді ақтап, өз саламда қызмет етсем деп ниет етуде. Заң факультетті «Құқықтану» мамандығын аяқтағалы отырған Темірхан Абжанов адвокаттар алқасы, құқықтық қолдау, мемлекеттік қызмет істер агенттігі және прокуратура салаларына құжат тапсырғанын айтты.
– Жәрмеңкеге келген жұмыс берушілердің юасым көпшілігі осы университетті бітірген азаматтар екен. Бүгінде ірі компаниялар мен өндіріс орындарын басқаруда. Заң саласының үздіктері де дәл осы білім ордасынан шыққан. Сондықтан өзімнің ЖОО-нын өте сәтті таңдағаныма қуанамын. Осы жәрмеңкеде белгілі бір жұмыс орнын тауып кетпесекте, біз сол мекемелердің жұмыс жүйесімен танысып, қандай мүмкіндігіміздің бар екенін білдік. Әртүрлі мекемелерден келген өкілдер барлық студенттерге бағыт-бағдар беруде. Бұның өзі үлкен қолдау деп білемін, — дейді Темірхан Абжанов.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Биыл Әл Фараби ауданында 38 көшеге асфальт жол салу жоспарлануда

Next Post

Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестікті жаңа сапаға көтермек

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі