13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛ КЛУБЫНА ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ

23 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
«ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛ КЛУБЫНА ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі «Ордабасы» футбол клубының ұжымы және жанкүйерлерімен кездесіп, клубтың жаңа президенті Асхат Сейсембекті таныстырды.
Асхат Сейсембек Туризм және спорт индустриясын қолдау қорының бас директоры, ҚР Жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы қызметтерін атқарған. Футболға да тікелей қатысы бар.
Кездесу барысында клубтың жоспарлары мен міндеттерін талқыланды. Команданың алға қойған негізгі басты мақсаты — Қазақстан чемпионы атағын қорғау, іріктеу ойындарында лайықты өнер көрсету және УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өту.
Сондай-ақ әңгіме барысында жанкүйерлер жаңа стадион салу тақырыбын қозғады.
— Спорт аренасының құрылысын жақын арада «Бозарық» шағын ауданында бастауды жоспарлап отырмыз. Жаңа нысан пайдалануға берілгеннен кейін «Қажымұқан» стадионын қайта құруды бастаймыз, — деді қала әкімі.
Сондай-ақ, әкім Бадам (Михайловское) су қоймасы ауданында екі алаңдық — табиғи және жасанды жабыны бар футбол клубы үшін жаттығу базасын салу ойда барын жеткізді.Ордабасы футбол командасы 32 жылдық тарихында алғаш рет ел чемпионатында үздік деп танылды. Дегенмен, клубтың жылдар бойы қордаланған қарызы 4,2 млрд теңгеге жетіп жығылған. Бұл мәселе қала әкімінің тапсырмасына сәйкес шешімін тапты. Қазіргі таңда клуб берешегі толықтай жабылып, УЕФА чемпиондар лигасына қатысатыны ескеріліп, жергілікті бюджет есебінен биылғы жылға 4, 3 млрд теңге қаржы бөлінген. Одан бөлек, қала әкімі футбол клубын қолдау мәселесіне қатысты кәсіпкерлермен арнайы кездескенін, жиын қорытындысы бойынша «OTAU GROUP» құрылыс компаниясының командаға 1 млрд теңге көлемінде қаржы бөліп, Бас демеуші болуға ниет білдіргенін жеткізді.
Кездесу соңында клубтың жаңа басшылығы мен ұжымына жетістіктер, жарқын жеңістер тіледі.

Previous Post

ҚАЛА ӘКІМІ ДАҢҚТЫ СПОРТШЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

ШЫМКЕНТ: Биыл Әл Фараби ауданында 38 көшеге асфальт жол салу жоспарлануда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі