13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Мектеп бітірушілердің салтанатты жиыны мектеп қабырғасында өтеді

22 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Мектеп бітірушілердің салтанатты жиыны мектеп қабырғасында өтеді
Share on FacebookShare on Twitter

Әкімшілік пен педагогикалық ұжымға сыйлыққа қаражат жинауға нұқсат етілмейді. Шымкент қаласында мектеп бітірушілер үшін салтанатты іс-шара міндетті түрде мектеп қабырғасында және алаңында өткізу міндеттеледі. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметінде Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Нұргүл Ақылбекқызы Шәмшиеваның 2023-2024 оқу жылының аяқталуы және каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтуын ұйымдастыру туралы брифингі барысында айтты. Спикердің сөзіне сәйкес, іІс-шараны өткізу кезінде мектептің бірінші басшысының бұйрығымен және ата-аналар комитетінің келісімімен өткізу қажет. Бұл іс-шараны бітіруші сынып жетекшілері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары ұйымдастырады. Мектеп бітірушілер іс-шарасының құрметті қонақтары ретінде ата-аналар мен қамқоршылық кеңес мүшелері, 10, 20 жылдық мектеп түлектері, ардагер ұстаздар, тиісті ауылдың немесе ауданның еңбек ардагерлері, қаланың құрметті тұрғындары, үкіметтік емес ұйымдар, демеуші ұйымдардың өкілдерін қатыстыруды мектеп әкімшілігінің еркіне қалдырылады. Соңғы қоңырау іс-шарасын ұйымдастыру кезінде түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналармен түсіндіру жұмыстары, мектептерде қатаң тәртіпте полиция және педагогтар тарапынан кезекшіліктер ұйымдастырылуы тиіс. Сонымен қатар, жолда жүру қауіпсізідігін қамтамасыз ету мақсатында жол-патрульдік полиция қызметкерлері тарапынан профилактикалық рейдттік іс-шара ұйымдастырылады. Оқу-жылының қорытындысында өткізілетін жиынның мақсаты балаларды ұстаздарды құрметтеуге, ұшқан ұясына қамқор болуға, алған білімдерін пайдалана алуына, әр бір істің нәтижесін қорытындылай білуге, адал азамат болуға тәрбиелеу. Санитарлық режимді, сондай-ақ жеке бас гигиенасын сақтау шарттарын қатаң сақтауды қамтамасыз ету, учаскелік полиция қызметкерлерін тарта отырып, барлық үй-жайларда және мектеп аумағында кезекшілікті, қауіпсіздік шараларын сақтауды және төтенше жағдайлар кезінде эвакуациялауды қамтамасыз ету мектеп басшылығына міндеттеледі. Сонымен қатар, Нұргүл Ақылбекқызы мектеп бітіруге байланысты рұқсат етілмейтін шаралар барысын да атап өтті. — Мерекелік шараларға аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды тартуға; — мерекелік дастархандарды ұйымдастыруға; — жалға берілетін автокөліктерді пайдалана отырып, қала бойына экскурсиялар өткізуге; — әкімшілік пен педагогикалық ұжымға сыйлыққа қаражат жинауға нұқсат етілмейді.

 

Previous Post

Шымкентте биыл 11 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді

Next Post

Шымкенттің өнеркәсіп саласына 1 млрд. 750 млн. АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі