13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте биыл 11 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді

22 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкентте биыл 11 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ал 9-сыныпты 22 мыңға жуық оқушы бітірмек. Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметінде Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Нұргүл Ақылбекқызы Шәмшиева 2023-2024 оқу жылының аяқталуы және каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтуын ұйымдастыру туралы брифингі өтті. Нұргүл Ақылбекқызының айтуынша, биыл Шымкент қаласында 11 сыныпты 13 286 оқушы, 9 сыныпты 21 780 оқушы бітіреді. (2022-2023 оқу жылы бітіруші саны 11 сыныпта 11 653 оқушы, 9 сыныпта 21 485 оқушы болған). Қалада 275 орта білім беру ұйымы бар, оның 272-сінде (3 мектептің (Damu education, Samal Primary, Cүйінші) жұмысы уақытша тоқтатылған) 259 147 оқушы білім алуда. Мемлекеттік 150 мектепте 206 177 оқушы, жекеменшік122 мектепте 52 970 оқушы оқиды (2022-2023 оқу жылы 246 мектепте249 544оқушы оқыған). Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің 2024 жылғы30 сәуірдегі №05-1-05-4/3005-И хатына сәйкес мамыр айы «ЫНТЫМАҚ АЙЫ» болып жарияланды. Айлық аясында: 3-мамыр «Таза Қазақстан» челенджі (1-11 сынып); 10-мамыр «Игі істер» акциясы (1-11 сынып); 17-мамыр «Каникулда кітап оқиық» буккросингі (1-11 сынып) өткізілсе, 24-мамыр «Білімім-Отаныма» бірыңғай тәрбие сағаты(1-11 сынып); 24-мамыр «Мен. Мектеп. Ұстаз» эссе жазу (9-11 сынып) іс-шаралары өтетін болады. Ал 25 мамыр күні 11-сыныпты бітіруші 13 286 түлекке соңғы қоңырау іс-шарасы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, білім басқармасының басшысы биылғы жылдың түлектері аталған іс-шараны жоғары мәдениеттілікпен, ысырапшылдықсыз, даңғазалықсыз, рухани адамгершілік деңгейінде өткізілетіндігін жеткізді 25 мамыр күні білім беру ұйымдарында «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында мектеп бітірушілер іс-шарасы өткізіледі.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алуға қатысты барлық мәселе қаралады

Next Post

ШЫМКЕНТ: Мектеп бітірушілердің салтанатты жиыны мектеп қабырғасында өтеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі