13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ- САНИТАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ -БАСТЫ МІНДЕТ

21 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ- САНИТАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ -БАСТЫ МІНДЕТ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энзоотиялық аурулардың алдын алу, зиянкес жәндіктер мен басқа да қауіпті буынаяқтыларды жою мақсатында бірқатар іс-шаралар жоспарланған.
Атап айтқанда, жоспарға сәйкес энзоотиялық ауруларына қарсы жұмыстар жылына 2 рет көктем және күз айларында жүргізіледі. Сондай-ақ, биыл жалпы 152 мыңнан аса ауыл шаруашылығы жануарларын бүрку, тоғыту,жоспарланса, 2,3 млн ш.м. қора-жайлар; және 2 млн аса ш.м. саябақтар мен гүлзарлар залалсыздандыру жұмыстары қарастырылған.
Дегенмен, жоспар бойынша жұмыстар сәуір айының бірінші онкүндігінде басталу керек еді, алайда ауа райының жаңбырлы болуына байланысты сәуір айының 17 күні басталды. Бірақ жоспарға сайкес, жұмыстар маусым айында толық аяқталатын болады.
Бүгінгі таңда қауіпті жағдайларды болдырмау мақсатында, іс-шараға қажетті ветеринариялық препараттар толық жеткізіліп залалсыздандыру жұмыстарына бүркуіш аппараты орнатылған автокөліктер, сонымен қатар тиісті ранц аппараттары бар 6 бригаданы жұмылдырылды. Бүгінгі таңда 1,7 млн аса ш.м — қора-жайлар залалсыздандырылып, 120 мыңға жуық — Ірі қара және уақ малдарды бүрку, тоғыту жұмыстары атқарылды. Алдағы аптада саябақтарды залалсыздандыруға жұмыстары жүрмек.
Айта кетерлігі, залалсыздандыру жұмыстары, тек малы бар үйлерге және ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған қораларға бюджет есебінен жүргізіледі. Ал, басқа да жеке және заңды тұлғалар, Денсаулық сақтау Кодексінің 107 бабының 1 тармақшасы сәйкес аталған жұмыстарды өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКИЯНЫҢ ҰЛЫ ҰЛТТЫҚ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Next Post

Жедел ішек инфекцияларының алдын алу

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі