13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

​ШЫМКЕНТ: Жас чемпион тағы бір биікті бағындырды

20 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
​ШЫМКЕНТ: Жас чемпион тағы бір биікті бағындырды
Share on FacebookShare on Twitter

Ол жарыс барысында 4-кездесу өткізіп, барлығында айқын басымдылықпен жеңіске жеткен. Жақында ғана Қырғызстан астанасы Бішкек қаласынан Азия чемпионы болып келген №52 мектеп-лицейінің 10 сыныптың екпінді оқушысы Эшмуратов Шахужахон күні кеше Ақтөбе қаласында кикбоксингтен өткен ел біріншілігінде жеңімпаз атанды. 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында 63,5 кг салмақ дәрежесінде додаға түскен спортшы шәкіртіміз Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Шахужахон жарыс барысында 4 кездесу өткізіп, барлық қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңген. Спортшы шәкірт Шахужахон Эшмуратов Қырғызстан елінде өткен кикбоксингтан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жүлделі I орын иеленіп, Азия_чемпионы атанған. Ол жарыс барысында 4-кездесу өткізіп, барлығында айқын басымдылықпен жеңіске жеткен. Эшмуратов Шахужахон 2023 жылы 23-29 қазан арасында Тараз қаласында өткен кикбоксингтен жастар мен кадеттер арасында Қазыбек Тауасарұлы атындағы халықаралық турнирдің жүлделі I орын иеленген болатын. Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетіп, әлемнің 35 мемлекетінен 500-ден астам былғары қолғап шебері қатысқан жарыста шымкенттік тағы бір оқушы алтын алқа иеленген болатын. Бокстан 75 келі салмақта өнер көрсеткен Санжарәлі Бегалиев — Білім басқармасына қарасты № 104 Е. Юсупов атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Вьетнам, Өзбекстан, Қырғызстан сайыпқырандарымен бәстескен жас спортшы Үндістан боксшысы Рахул Кундуды 4:1 есебімен ұтқан еді. Санжарәлі Бегалиев ҚР 2 дүркін және Азия чемпионы осыған дейін Иордания, Әзірбайжанда өткен байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғап шыққан болатын. Шымкенттік жас чемпиондарға алдағы уақытта жеңіске толы күндерді тілейміз.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Дүниеге үшем келді

Next Post

Шымкентте теннистен жасөспірімдер арасында Әлем Чемпионатына іріктеу турнирі өтіп жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі