13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Дүниеге үшем келді

20 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Дүниеге үшем келді
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл басынан бері дүниеге келген төртінші үшем. Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны Айгүл Бақытжанқызы үш ұл баланы дүниеге әкелді. Жүктіліктің 31-аптасында дүниеге келген үшемдердің бірінің салмағы 1580 грамм болса, екіншісі − 1640, үшіншісінікі 1610 грам болып туылды. Дәрігерлер үшемдерді алдымен жансақтау бөлімінде тұрақты бақылауда ұстап, тиісті ем-шараларды жасап, кейін палатаға шығарып, күтіп-баптады. Нәтижесінде, едәуір салмақ жинап, жағдайлары жақсарған үшемдер мен олардың анасын бүгін Шымкенттегі перзентхана қызметкерлері салтанатты рәсіммен үйлеріне шығарып салды. Шексіз қуанышқа кенелген отбасы үшемге Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмухаммед деген есімдер берген. Бұл – Шымкенттегі жыл басынан бері өмірге келген төртінші үшем. Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 10913 сәби дүниеге келген. Оның 5579-ы ұл болса, 5334-і қыз. Егіздердің саны 107-ге жетіп, төрт үшем өмірге келген.
Шымкентте бала туу көрсеткіші өскен. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, былтыр жылдағыдан 5000-ға артық бала дүниеге келген. Сондықтан алдағы уақытта мегаполисте жаңа перинаталдық орталық салу жоспарлануда.
Былтыр Қазақстанда 388,4 мың сәби дүниеге келді, оның 51,6% – ұл, 48,4% – қыз. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
230,3 мың бала немесе 59% қалалық жерде туса, қалған 158 мың бала, яғни 41% – ауылдық жерде дүниеге келген.
«2023 жылы туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,52 құрады, 2022 жылы ол 1000 адамға шаққанда 20,57 болған», — деп жазылған хабарламада.
Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (1000 тұрғынға 26,74 адам), Түркістан облысында (1000 тұрғынға 26,18 адам) және Шымкент қаласында (1000 тұрғынға 25,70 адам) байқалды.
Бала туудың негізгі үлесі 25-29 аралығындағы әйелдерге тиесілі – 29%, 30-34 жас аралығындағыларда – 26%. 20 жасқа дейінгі әйелдер өткен жылы 12,6 мың бала, 50 жастан асқандар 96 баланы дүниеге алып келген. Бұл ретте ананың орташа жасы 2023 жылы 29,7 жасты құрады.
Былтыр 4 075 егіз дүниеге келді (2022 жылы – 4 063), үшем – 48 (2022 жылы – 50), төртем – 1.

 

Previous Post

ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІМПАЗДАР ТЕГІН ОҚУ ГРАНТЫН ҰТЫП АЛДЫ

Next Post

​ШЫМКЕНТ: Жас чемпион тағы бір биікті бағындырды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі