13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жарақаттық шоктың алдын алыңыз

16 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Жарақаттық шоктың алдын алыңыз
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жарақаттық шок – жіті дамитын және өмipгe қaуiп төндіретін жағдай. Ол ауыр механикалық жарақаттың ағзаға әсер етуі нәтижесінен дамиды.
Жарақаттық шок – бұл ауыр түрдегі аурудың жіті кезеңінің бipiншi сатысы. Оның өзіндік жүйке рефлекторлы және тамырлық реакциясы ағзадағы қан, тыныс алу, зат алмасу және эндокриндік бездер функциясының (қызметінің) бұзылуына әкеледі. Яғни, жарақаттық шокты тудырушы механизмдерін ауырсыну және афференттік импульсация, жедел массивті қан жоғалту, өмірге қажет ағзалардың жарақаттануы. психикалық стресстер алуы мүмкін. Шоктың пайда болуындағы нeгiзгi тітіркендіргіштеріне әртүрлі механикалық әсерлердің жүйке элементіне әсер eтуi, жүйкенің зақымдалуы, тіндердің бұзылуы және қан кету жатады.

Тоңу, ашығу, авитаминоз, алиментарлы, психикалық шаршау, эмоционалдық күйзеліс, жіті және созылмалы аурулар – шокқа әкелетін негізгі факторлар. Шокқа тән симптомдарға суық, ылғалды, бозғылт-цианозды немесе мраморлық тері, қан айналымының бірден төмендеуі (ақырын айналуы), есеңгіреу, диспноэ, олигурия, тахикардия, АҚҚ және пульстін төмендеуі жатады.

Жарақаттық шоктың дамуында 2 фазаны ажыратады: Эректильді фазасы көбінесе жарақаттан кейін басталады және қан айналымның орталықтану фонында науқастың айқын психомоторлы қозуымен (тітіркенуден) сипатталады. Науқастың ic-қозғалысы түсініксіз болуы мүмкін, көзінде елестеулер болуы мүмкін, эйфориялы, peтciз әрекеттер жасап, өз-өзін ұстай алмайды, тексеруге және көмек керсетуге қарсы болады. Олармен қарым-қатынаста болу қиындықтар тудырады. Қан қысымы бұл кезде қалыпты болуы мүмкін немесе қалыптыға жақын. Жарақат түpiнe байланысты тыныс алудың әртүрлі бұзылыстары болуы мүмкін.
Жоғалтқан қан көлемін пульстің жиілігі мен систолалық қан қысымының қатынасына негізделген (П/СҚҚ) .
— Шоктың І-шi дәрежесінде (қан жоғалту 15-25% ОҚК -1-1.2л) ШИ=1,0 (100/100).
— Шок 2-шi дәрежесінде (жоғалтқан қан 25-45% ОҚК-1,5-2л) ШИ=1,5 (120/80)
— Шок 3 -шi дәрежесінде (жоғалтқан қан 50% ОҚК -2,5л жоғары) ШИ=2( 140/70)
Жарақат сипатына қарап, жоғалтқан қанға байланысты, қанның көлемдік санын анықтауға болады. Ересек адамдарда тобық сынған кезде жоғалтқан қан 250мл-ден аспайды, иык сынғанда жоғалтқан қан 300-500 мл-ге дейін құрайды, сирақ -300-350мл, сан -500-1000мл, жамбас -250-3000мл, көптеген сынықтар немесе жарақаттар кезінде жоғалтқан қан көлемі 3000-4000мл. жетеді.

Previous Post

Сапасыз өнім немесе қызмет үшін ақшаны қалай қайтаруға болады

Next Post

Қазақстан СІМ-де Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері талқыланды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі