13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан СІМ-де Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері талқыланды

16 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан СІМ-де Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері талқыланды
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Астана, 2024 жылғы 16 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Бас директордың көмекшісі – Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік директоры Беат Андресті қабылдады.
Кездесу барысында тараптар ҚР мен ХЕҰ арасындағы ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ оларды іске асыру бойынша белгіленген жоспарлар мен шараларды талқылады.
Қ.Омаров Өңірлік директордың алғашқы сапарын құптап, ХЕҰ-мен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, оның ішінде «Одан әрі ынтымақтастық жөніндегі Жол картасына» қол қоюға үміт білдірді. «Біз үшін ХЕҰ-мен сындарлы серіктестік болуы әрқашан маңызды болды және біз бұл ынтымақтастықты кеңейтуге дайынбыз», – деп атап өтті Министрдің бірінші орынбасары.
Б.Андрес Қазақстанға өзінің халықаралық міндеттемелерін орындағаны үшін ризашылығын білдірді. Ол Қазақстанның еңбек саласындағы ұлттық заңнаманы жақсарту жөніндегі күш-жігерін қанағаттанушылықпен атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстанның ХЕҰ Бас директоры Ж.Унгбоның бағдарламалық бастамасы – Әлеуметтік әділеттілік үшін жаһандық коалицияға қосылғаны үшін алғысын білдірді.
Кездесуді қорытындылай келе, Министрдің бірінші орынбасары Өңірлік директорға жемісті диалог үшін алғысын білдіріп, оған одан әрі табыс тіледі. Екі тарап Қазақстан мен ХЕҰ арасындағы негізгі бастамаларды іске асырудағы жемісті ынтымақтастықтың табысты дамып, жалғасатынына сенім білдірді.
Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) — 1919 жылы құрылған ең көне және ең өкілді халықаралық ұйымдардың бірі. Бүгінгі күні штаб-пәтері Женевада (Швейцария) орналасқан БҰҰ-ға мүше 193 елден 187 мемлекет ұйымның мүшелері болып табылады.
Будапештте Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріне арналған өңірлік бюроның кеңсесі орналасқан. Қазақстан 1993 жылғы 31 мамырдан бастап ХЕҰ мүшесі болып табылады.

Previous Post

Жарақаттық шоктың алдын алыңыз

Next Post

Балаларды вакцинамен басқарылатын инфекциялық аурулардан қорғаңыз және папиллома виру-сына қарсы вакцинациялаудың маңыздылығы

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі