13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан мен АҚШ адам құқықтары және демократиялық реформалар бойынша сындарлы диалогты жалғастыруда

20 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан мен АҚШ адам құқықтары және демократиялық реформалар бойынша сындарлы диалогты жалғастыруда
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Қазыхан және АҚШ Мемлекеттік хатшысының Азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары Узра Зеяның тең төрағалығымен ҚР мен АҚШ арасындағы Адам құқықтары мен демократиялық реформалар жөніндегі жыл сайынғы жоғары деңгейдегі диалогтың үшінші отырысы өтті.

Іс-шара барысында тараптар адам құқықтары саласында өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты сындарлы түрде талқылады. Тараптар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалар бағдарламасын, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын кеңейту, адам саудасына қарсы іс-қимыл, жиналыстар бостандығын, сөз бостандығын қамтамасыз ету, БАҚ-ты дамытуды қолдау, сондай-ақ активтерді қайтару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін одан әрі іске асыруға назар аударды.

Америкалық тарап өзара мүдделер мен ортақ құндылықтарға негізделген табысты және сенімді ынтымақтастыққа берік ұстанымдарын білдірді. Мемлекеттік хатшысының орынбасары У.Зея ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларына АҚШ тарапының тұрақты қолдауын растап, сондай-ақ өткен желтоқсанда Қазақстан Президенті қол қойған Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарын дәйекті жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік саясатын күшейтуге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, америкалық тарап а.ж. 15 сәуірде қабылданған ҚР-да отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдататын заңды құптады.

Сонымен бірге, тараптар көпжақты және өңірлік платформалар деңгейінде адам құқықтарын ілгерілету мәселелерін, соның ішінде БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі арқылы ынтымақтастықты және Нью-Йорк қ. өткен жылғы «С5+1» Саммитінің қорытындысы бойынша бастамаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Кездесу нәтижесінде өзара іс-қимылды жалғастыруға және Диалогтың келесі отырысын 2025 жылы Вашингтон қаласында өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Previous Post

Түркістаннан Самарқанға тұрақты әуе қатынасы қатынайды

Next Post

Қытайдың Сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі