13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістаннан Самарқанға тұрақты әуе қатынасы қатынайды

20 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Түркістаннан Самарқанға тұрақты әуе қатынасы қатынайды
Share on FacebookShare on Twitter

QAZAQ AIR әуекомпаниясы Түркістаннан Самарқандқа тікелей әуе қатынасын 2 маусымнан ашты. Тұрақты әуе тасымалы аптасына 2 рет канадалық de-Havilland Dash 8-Q400 заманауи, жайлы ұшақтарымен келесі кесте бойынша жөнелтіледі:
Сәрсенбі және жексенбі күндері (жергілікті уақыт бойынша):
IQ 509 Түркістан 15:30 – Самарқанд 16:40
IQ 510 Самарқанд 17:20 – Түркістан 18:40.
Самарқанд – әлемдегі ең көне қалалардың бірі. Өзбекстанның халық саны мен аумағы, өнеркәсіптік маңызы бойынша Ташкенттен кейінгі екінші қаласы. Бұл қаланың тарихы 2750 жылдан асады, кейбір тарихи деректер қаланы Рим және Афинамен құрдас екенін дәлелдейді. Бұл көптеген ғасырлар бойы саудагерлерді, зерттеушілерді және саяхатшыларды қызықтырған Ұлы Жібек жолының негізгі торабы болды. Самарқанд – тарихтың әрбір сәтін, терең иірімдерін асықпай зерттеуге тұрарлық нағыз ашық аспан астындағы мұражай.

Айта кету керек, Самарқанд 2024 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы болып жарияланды. Самарқанд қаласы 2025 жылы өтетін ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясын өткізу орны ретінде таңдалды.

Әуе билеттерін www.flyqazaq.com сайтынан қазірден бастап брондауға және сатып алуға болады. Билеттердің құны бір бағытқа 30 000 теңгеден басталады.
Сондай-ақ, Қазақстанның әуекомпаниялары Түркістан арқылы Самарқандқа Астана, Ақтөбе, Қостанай, Ақтау, Орал, Алматыдан қосылатын рейстерді орындайтынын атап өткен жөн.

Естеріңізге сала кетейік, QAZAQ AIR – Қазақстанда және көрші мемлекеттердің шекаралас аумақтарында халықаралық және өңіраралық әуе қатынасының қолжетімділігі үшін ұйымдастырылған маршруттық желісі бар қазақстандық әуе компаниясы. Ол рейстерді жоғары халықаралық және Ұлттық ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес орындайды. Компанияның хабы Астана қаласында орналасқан. Жолаушылардың және авиация саласындағы кәсіби мамандардың пікіріне негізделетін әлемдегі беделді ұлыбританиялық Skytrax рейтингісі бойынша 2022, 2023 жылдары QAZAQ AIR Орта Азия және ТМД елдері арасында үздік үштікке енді.

Previous Post

Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымындағы төрағалығы аясындағы басымдықтар ілгерілеуде

Next Post

Қазақстан мен АҚШ адам құқықтары және демократиялық реформалар бойынша сындарлы диалогты жалғастыруда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі