13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан мен ЮНИСЕФ екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша «сағаттарын теңестірді»

19 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан мен ЮНИСЕФ екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша «сағаттарын теңестірді»

M

Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) жаңадан тағайындалған Өкілі Рашед Мұстафа Сарварды қабылдады.
Қ. Омаров сұхбаттасушыны осындай маңызды лауазымға тағайындалуымен құттықтап, ЮНИСЕФ-тің жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына сәйкес өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға үміт білдірді. «Балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатындағы басым міндеттердің бірі. Біз Қазақстан 1994 жылы қосылған бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес балалардың өмір сүру, даму және әлеуетті толық іске асыру құқықтарын қорғауға міндеттіміз», – деді Министрдің бірінші орынбасары.
Келіссөздер барысында тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, оның ішінде ЮНИСЕФ-тің балаларға арналған әлеуметтік кепілдіктер саласындағы жобалық қызметін, сондай-ақ жанжал аймақтарынан оралған әйелдер мен балаларды қайта интеграциялауды талқылады.
Өз кезегінде Р. Саруар жылы қабылдау үшін алғыс айтып, Қазақстанның Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауының 30 жылдығымен құттықтады. «Қазақстан Балалардың құқықтарын қорғауда әсерлі табыстарға қол жеткізді және біз әрбір баланың арманын жүзеге асыру үшін жемісті ынтымақтастығымызды жалғастыруға дайынбыз», – деді ЮНИСЕФ Өкілі.
Р. Саруар орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін балалық шақты қорғау, білім беру, денсаулық сақтау және тамақтану сияқты бағыттар бойынша ЮНИСЕФ-пен өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар бүкіл Қазақстан бойынша балалардың әл-ауқаты мен дамуы үшін белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.
БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) 1946 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының Екінші дүниежүзілік соғыста зардап шеккен балаларға көмек көрсету туралы шешіміне сәйкес құрылды. 1950 жылдан бастап ЮНИСЕФ БҰҰ-ның толыққанды құрылымына айнала отырып, елдердің мандаты мен санын кеңейтті.

БҰҰ Балалар қорының негізгі мақсаты – балалардың өмір сүруі мен дамуы үшін олардың құқықтарын қорғау.

ЮНИСЕФ-тің аккредиттеу елдерінде тікелей жұмыс істейтін 6000-нан астам қызметкері бар. Қалғандары Нью-Йорк, Копенгаген, Флоренция және Женевадағы штаб-пәтерлер мен кеңселерде орналасқан. Штаб-пәтерінен басқа ЮНИСЕФ-тің Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Африкада және Азияда 30 өңірлік филиалы бар.

Previous Post

Қазақстан мен Латвия экономикалық серіктестікті тереңдету үшін күш біріктіруде

Next Post

ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІМПАЗДАР ТЕГІН ОҚУ ГРАНТЫН ҰТЫП АЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі