13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«АНА ТІЛІ ЖӘНЕ ОТБАСЫ — 2024» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

17 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
«АНА ТІЛІ ЖӘНЕ ОТБАСЫ — 2024» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы мен қалалық Білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ана тілі және отбасы – 2024» қалалық білім беру мекемелері арасында байқау өтті.
Бұл байқау Шымкент қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоқ. Дәстүрлі түрде өткізілетін шара биыл 6-шы рет өтті. Білім беру мекемелерінің, яғни мемлекеттік тілді жетік меңгерген барлық жастағы этнос өкілдерінен құралған топтар қатысатын шара, алдымен мектепішілік кейін қалалық деңгейде болған. 22-30 сәуір аралығында мектептерге барып, өнерлерін тамашалаған қазылар алқасы үздік деп таныған 11 мектептің өнерпаздарына финалдық кезеңге жолдама берген.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқушылардың өнерін бағалау кезінде ата-аналардың белсенділігі мен өзге этнос балаларының қатысуы айрықша ескеріліпті. Байқауға бірі ата-әжесімен қатысса, енді бірі әке-анасымен, тағы бірі аға-әпкесінің қолдауымен сынға түсті. Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар 5 кезең бойынша бас сынаған. Әрбір мекеме «Ерте, ерте, ертеде…» деп қазақ халқының ертегілерін айтып, арықарай өз туындылары сахналап, «Тыйым сөздер – тәрбие көзі» тақырыбында қазақ халқының ырымдары мен тыйым сөздерін айтты. Ал «Салт-дәстүр – асыл қазына» шартында қазақтың ұлттық салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпы туралы тың ақпараттармен бөлісті. «Мақал-мәтелдер даналыққа бастайды» шартында мақал-мәтелдер, нақыл сөздерден, «Өнерліге өріс кең» кезеңінде қазақтың ұлттық өнері яғни ән, би, өлең оқу, т.б айтудан бақ сынады. Сахнада нағыз өнер майталмандарындай жоғары деңгейде көрініс қойған оқушылар мен ата-аналар көпшіліктің ықыласына бөленді. Ұйымдастырушылардың басты мақсаты да осы болған.
— Байқауда ана тіліміздің, ұлттық құндылықтарымыздың дәріптелуіне назар қойдық. Қазақша сайрап тұрған балалар ана тіліне деген құрмет өздерінен басталатынын дәлелдей түсті. Әрбір кезең бойынша ерекше дайындықпен келген қатысушылардың өнеріне тәнті болдық. Олардың киім үлгісі, сахнада өздерін ұстауы, белсенділігі жоғары деңгейде. Биылғы байқауға бір мектептен 100-ден аса оқушы қатысып, жалпы 800-ден аса бала қамтылды,- дейді Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының директоры Гүлмира Жанысбекова.
Қазыларалқасының шешімімен бас жүлдені №71 жалпы орта білім беретін мектебінің қатысушылары қанжығалады. Ал үздік үштікке №83 жалпы орта білім беретін мектебі, Д. Нұрпейісова атындағы №116 жалпы орта білім беретін мектебі, Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназиясы, Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейі ие болды.
Жүлделі орын алған қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Previous Post

ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТТЫҢ КӨРКІ

Next Post

ӘУЕ ШАБУЫЛЫНАН ҚОРҒАНЫС БРИГАДАСЫНА ЖАС САРБАЗДАР КЕЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі