13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте әскери қызметшілер өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті

7 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкентте әскери қызметшілер өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті
Share on FacebookShare on Twitter

7 мамырда 35748 әскери бөлімінде погон таққан барлық адамдардың кәсіби мерекесіне арналған «Ашық есік» күні өтті.

Еліміздің үшінші мегаполисінде Отан қорғаушылар күнін ерекше форматта атап өтті. Бір күні Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған құрамасының аумағы «Отан қорғаушы» мамандығы бойынша қызмет еткен, қызмет ететін немесе алдағы уақытта қызмет ететін барлық адамдардың бас қосу орнына айналды. 7 мамырда 35748 әскери бөлімінде погон таққан барлық адамдардың кәсіби мерекесіне арналған «Ашық есік» күні өтті. Іс-шараға Шымкент гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің барлық әскери қызметшілері отбасыларымен, Қарулы күштер мен жергілікті соғыс ардагерлері, оқушылар мен студенттер қатысты. Ашық есік күнінің форматы бөлімнің бүкіл аумағын қамтыды. Әскери техника паркінде үшінші мегаполистің әскери бөлімдерінде қолданыста жүрген қару-жарақ пен әскери техниканың көрмесі ұйымдастырылды. Саптық алаңда салтанатты, далалық және жауынгерлік жабдықтардағы әскери қызметшілердің қораптары, ал оларға қарсы жыл мезгілдері мен жер бедерінің ландшафтына байланысты арнайы тапсырмаларды орындау үшін пайдаланылатын әртүрлі экипирофкадағы жауынгерлер тізіліп тұрды. Гарнизон жауынгерлерін құттықтау үшін арнайы келген Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков саптық шеру алаңынан гарнизон бастығы полковник Әмірқожа Айтқожиннің салтанатты іс-шараны өткізуге дайындығы туралы баяндамасын қабылдады. Командир баяндамасынан кейін өңір басшысы жиналған қонақтар үшін құттықтау сөз сөйлеп, біздің жауынгерлеріміз мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес қосып жатқанын атап өтіп, барлығына бейбіт аспан, бақыт пен отбасыларына амандық тіледі. — Құрметті Отан қорғаушылар, сарбаздар! Сіздерді айбынды мерекеміз Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әрбір тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты — ел тыныштығын қорғау. Мемлекет тұтастығын сақтау. Сондықтан да бұл күн Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, әскеріміздің атағын асқақтатып, еліміздің қуатын айғақтайтын күн! Халықтың қауіпсіздігі мен бейбіт өмір жолында адал қызмет етіп келе жатқан әскери қызметшілерге алғысым шексіз, — деп түйіндеді Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков. Жергілікті билікпен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шарада мінсіз қызметі, жоғары көрсеткіштері, жеке тәртібі үшін, сондай-ақ Отан қорғаушылар күніне орай бір топ әскери қызметшілерге құрмет грамоталары қала әкімінің қолынан табыс етілді.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: 35748 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 79 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті

Next Post

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі