13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 35748 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 79 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті

7 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: 35748 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 79 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Іс-шараға қала әкім Ғабит Сыздықбеков арнайы келіп, әскери бөлімшені аралап, материалдық техникалық базасымен танысты.
Бүгін Шымкент қаласының 35748 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 79 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты шараға бригада басшылығы, офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, сарбаздар, сондай-ақ әскери бөлімнің ардагерлері мен әскери отбасылар қатысты. Іс-шараға қала әкім Ғабит Сыздықбеков арнайы келіп, әскери бөлімшені аралап, материалдық техникалық базасымен танысты. Мұнан кейін қала әкімі салтанатты жиында Шымкент гарнизонының үздік әскери қызметкерлері мен ардагерлерді арнайы алғыс хатпен марапаттады. «Құрметті Отан қорғаушылар, сарбаздар! Сіздерді айбынды мерекеміз Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әрбір тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты— ел тыныштығын қорғау. Мемлекет тұтастығын сақтау. Сондықтан да бұл күн Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, әскеріміздің атағын асқақтатып, еліміздің қуатын айғақтайтын күн! Халықтың қауіпсіздігі мен бейбіт өмір жолында адал қызмет етіп келе жатқан әскери қызметшілерге алғысым шексіз», — деді Ғ.Сыздықбеков. Содан кейін Шымкент қаласы Ардагерлер коалициясының төрағасы, отставкадағы полковник Серік Онбаев құттықтау сөз сөйлеп, алғыс білдірді. «Осынау мерекеде өз өмірін әскери қызметке арнаған, Отан алдында ант бергендерді құттықтаймын. Отансүйгіштіктің, ар-намыстың, парыз бен батылдықтың, үлгілері ретінде қызмет еткен Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне ерекше алғыс білдіргім келеді»,- деді С.Онбаев. Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, ерекше көзге түскен әскери қызметшілер марапатталды. Ресми бөлім аяқталғаннан кейін бригаданың әскери оркестрінің солистерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.

Previous Post

Ұландықтар Шымкент пен Түркістанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін атап өтті

Next Post

Шымкентте әскери қызметшілер өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі